AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагеріне құрмет көрс...

Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагеріне құрмет көрсетілді

Әлеумет 19.08.2024, 13:30 1,115 Bakyt
Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагеріне құрмет көрсетілді
Сурет Наурызбай ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасынан

Алматы қаласы Наурызбай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы әскери қызметшілері мен Қазақстан Қарулы Күштері ардагерлер кеңесінің өкілдері Ұлы Отан соғысының ардагері Леонид Никитович Подколзинді 98 жасқа толуымен салтанатты түрде құттықтады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Леонид Никитович 1926 жылы Новосибирск облысының Искетинск ауданы, Тула ауылында дүниеге келген. Соғыс жылдарында ол Белорусь майданында артиллерист ретінде қызмет етіп, үлкен ерлік пен төзімділік танытты. Соғыс аяқталғаннан кейін сержант атағында Кенигсбергке жіберіліп, онда жас сарбаздарды артиллериялық қарудан ату өнеріне үйретті. 1952 жылы Леонид Никитович Алматыға қоныс аударып, бейбіт өмірге атсалысты. Ол паровоз машинисінің көмекшісі, автобазада жүргізуші болып жұмыс істеп, кейін қалалық депо шеберханасының меңгерушісі болды.

Леонид Никитович соғыс туралы сирек әңгімелескенді ұнатады, естеліктерін өзінде сақтағанды жөн көреді. Алайда, ол өз ойлары мен сезімдерін екі кітабында білдірген. 2009 жылы жарық көрген «Зовущей жизней Вечный зов» атты бірінші кітабында өмір туралы терең толғаныстары жазылған. 2024 жылдың мамыр айында жарияланған «Голос отцов» атты екінші кітабы патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікке толы өлеңдер жинағы болып табылады. Бұл өлеңдерінде Леонид Никитович махаббат, айырылысу, өмір және өлім тақырыптарын да қозғайды.

Отан алдындағы ерліктері үшін Леонид Никитович көптеген марапаттарға ие болды, олардың арасында Ұлы Отан соғысының ордені, «Соғыс ардагері» ордені, «Еңбек ардагері» ордені, Георгий Жуков медалі, «Жеңістің 20 жылдығы» медалі және басқа да мерейтойлық медальдар бар.

Бүгінде Леонид Никитович Алматы қаласында қызы Людмила Леонидовнамен бірге тұрады. Сондай-ақ, оның ұлы, үш немересі және төрт шөбересі бар, олар аталарын мақтан тұтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ардагер #Құрмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Бүгін 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Бүгін 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Бүгін 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Бүгін 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Бүгін 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);