конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің гала-концер...

Алматыда Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің гала-концерті өтті

Әлеумет 27.09.2022, 06:47 1,458
Алматыда Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің гала-концерті өтті

Бұл шараға халықаралық байқаулардың лауреаттары қатысты.


Алматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында ақпараттық-насихаттау тобының жұмысы аясында Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің әртістері гала-концерт өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.


Мерекелік концертте халықаралық байқаулардың лауреаттары мен басқа да таланттар ансамбль бастығы, аға лейтенант Алпамыс Асылбектің жетекшілігімен қазақстандық композиторлардың патриоттық тақырыптағы әндерін, соғыс жылдарындағы композицияларды, сондай-ақ халық шығармалары мен күйлерін орындады.


Аға лейтенант Алпамыс Асылбектің басшылығымен шығармашылық ұжымның музыканттары солистерге кәсіби түрде сүйемелдеді.


Концерт көрермендеріне Ұлттық ұлан Құрметті қарауыл ротасы жауынгерлерінің оркестрдің орындауындағы «Адай» әні мен «қару-жарақпен дефиле» көрсетілімі ұнады.


Сондай-ақ ұландықтардың «Домбыра аңызы», «Победная пляска», «Бозайғыр» атты әсерлі билері, патриоттық және ұрпақтар сабақтастығы рухына толы майдан және әскери әндер шырқалды.



Елордалық бригаданың мерзімді қызмет әскери қызметшілері Ұлттық ұлан туралы жазған авторлық ән көрермендердің көзайымына айналды.


Гала-концерт барлық қатысушылар мен ансамбль ұжымының орындауында Ұлттық ұланның «Елдің қорғаны» әнұранын орындау дәстүрімен аяқталды.


Концерт ұйымдастырушылары театр фойесінде Ұлттық ұлан әскерінің қызметіне арналған фото-бейне және баспа өнімдерін де көрсетті.


Шара соңында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы, полковник Қайрат Үмбетов Алматы қаласының әкіміне өзара іс-қимыл және үлкен концерт залында өнер көрсету мүмкіндігі үшін алғыс айтып, «Құқық тәртібі әскерлеріне 30 жыл» мерейтойлық төсбелгісін табыс етті.


Шаһардың қоғамдық даму басқармасының бастығы Айдар Есенбеков Алматы қаласы әкімінің атынан әскери ансамбльге алғысын білдіріп, естелік сыйлықтар мен алғыс хаттарды табыс етті.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Концерт #Алматы #ансанбль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49

Жаңа Конституция – жасампаз әрі озық Қазақстанның негізі

Бүгін 09:46

Алматыда бір тәулікте 1 357 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды

Бүгін 09:27

Канье Уэсттің концерті басталуына санаулы минуттар қалды

Кеше 20:48

Алматы және Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді

Кеше 20:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);