Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ұлттық киімдер шеруі өтті

Алматыда ұлттық киімдер шеруі өтті

Әлеумет 18.03.2025, 17:12 706
Алматыда ұлттық киімдер шеруі өтті
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматының Арбатында ұйымдастырылған Nauryz Fashion Day іс-шарасында үкілі тақия, бүрмелі көйлек, оюлы қамзол киген көркем қыздар, ақ кимешекті асыл әжелер және бөрік, шапаны жарасқан ер азаматтар бүгінгі Ұлттық киім күніне құрмет білдіріп, сән көрсетіліміне қатысты.

Арбат көшесіне төселген қызыл кілем үстімен белгілі дизайнер Раушан Әнуарбекованың «Әлемді таңқалдырған қазақ әжелері» жобасының қатысушылары, яғни отандық һәм шетелдік подиумдарды ұлттық киімдерімізбен бағындырып жүрген әдемі әжелер, «Қазақстан аруы» байқауының сұлу финалистері сән-салтанатпен жүріп өтті.

Осы орайда айта кетейік, Nauryz Fashion Day төріне шыққан алматылық әжелер бұрын Миланда сән апталығының ашылуында өнер көрсеткен. Енді Нью-Йорк пен Париждегі Fashion Week-ке қатысуды жоспарлап отыр.

Ашық аспан астында ұлттық киіммен жарқырап шыққан қатысушылардың қатарына қаланың этно стильде киінген тұрғындары да келіп қосылды. Иә, қызыл кілем үстімен жүріп өтуге бүгін Ұлттық киім күніне құрметім деп, қыдыруға қазақы киімін арнайы киіп шыққан қарапайым тұрғындарға да мүмкіндік берілді. Олар да өздерін бір сәт жұлдыз сезініп, подиумға көтеріліп, қол бұлғап, көптің қошаметіне бөленді.

– «Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі» деген. Мен бұрын «Бұрымды қыздар», «Қыз сыны», «Келіндер сайысы» секілді байқауларды жиі ұйымдастыратынмын. Сол күндер еске оралып тұр. Ол тұста қамзол, кәжекей дегенді тек мерекелерде, әлгіндей байқаулар үшін ғана киетін едік. Қазір жекелеген мекемелер қызметкерлерінің ресми жұмыс орнында наурыз бойы киіп отыратынын көріп жүрмін. Күнделікті өмірде де ұлттық киім кие бастағанымызға қуаныштымын, – дейді алматылық зейнеткер-педагог, қоғам белсендісі Раиса Қалдыбаева.

Қызыл кілеммен сән-салтанаты келіскен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының жұлдыздары, Алматы музейлер бірлестігінің қызметкерлері, Алматы мемлекеттік қуыршақ театрының ұжымы, алматылық кітапханашылар, Алматы хайуанаттар паркінің еңбеккерлері де жүріп өтті. Сөйтіп әсем Арбаттың айналасы бекзат әлемге бөленді.

Мәдени іс-шара кезінде жиналған қауымға ұлттық киімдер туралы викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген жеңімпаздарға Алматы музейіне тегін билет ұсынылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #наурыз #ұлттық киім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Бүгін 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Бүгін 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Бүгін 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Бүгін 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика