конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік...

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік науқан өтті

Мәдениет Бүгін 17:38 41 Сұлу
Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік науқан өтті
Алматы әкімдігі

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы қаласында ұлттық өнер мен мәдениетті дәріптеуге арналған ерекше мерекелік науқан ұйымдастырылды. Қаланың мәдени шығармашылық ұжымдары қала тұрғындары мен қонақтарын ұлттық мерекемен құттықтап, дәстүрлі өнердің көркем үлгілерін ұсынды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мерекелік науқанның бағыты Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрынан басталып, Панфилов көшесі арқылы өтіп, Арбатта жалғасты. Қала көшелерін әсем әуенге бөлеген өнерпаздар жол бойы тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін жарқын мәдени науқан өткізді.

Науқанға Алматы қаласының жетекші шығармашылық ұжымдары – «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, Әшімов театрының шығармашылық ұжымы және Алатау дәстүрлі өнер театрының өнерпаздары қатысты. Олар қазақтың дәстүрлі әндері мен күйлерін орындап, ұлттық нақыштағы билерін ұсынып, халқымыздың бай мәдени мұрасын көпшілікке паш етті.

Ұлттық киім киген өнерпаздардың әсерлі шеруі мен домбыраның қоңыр үні қала тұрғындарының ерекше ықыласына бөленді. Көпшілік ұлттық әндерге қосылып, өнер иелеріне қошемет көрсетіп, мерекелік атмосфераны бірге сезінді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Домбыра
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Бүгін 15:12

Маңғыстау облысында Бекет ата мешітіне жолға шыққан үш адам жоғалып кеткен

Бүгін 14:13

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);