конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра –...

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Алматы 05.07.2026, 11:34 205 Сұлу
Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті
Алматы әкімдігі

Алматы қаласында Ұлттық домбыра күніне орай қала әкімдігінің қолдауымен «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт ұйымдастырылды. Алатау дәстүрлі өнер театрының ашық алаңында өткен мәдени шараға мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтары жиналып, қазақтың төл өнері мен ұлттық мәдениетінің мерейін асырған ерекше кештің куәсі болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кеш барысында еліміздің танымал дәстүрлі және эстрада өнерпаздары бір сахнада бас қосып, көрерменге ұлттық нақыштағы бай концерттік бағдарлама ұсынды. Сахна төрінде «МузАРТ» тобы, Рамазан Стамғазиев, Айгүл Қосанова, Бағлан Бәбіжан, Тілеулес Құрманғалиев, Нұркен Әшіров, Ұлжан Байбосынова, Шолпан Даржанова, Мұрат Әбуғазы, Ардақ Исатаева, Ардақ Елеусіз, Тоғжан Үмбет, Еркін Шүкіман, Сая Махамбет, «Қоңыр» тобы, «Құрманғазы» оркестрі, «Салтанат» би ансамблі өнер көрсетіп, ұлттық өнердің терең тамыры мен өміршеңдігін айшықтайтын әсерлі туындыларын орындады.

Концерт барысында күй мен терме, халық әндері мен заманауи музыкалық шығармалар үндесіп, ұлттық өнердің дәстүрі мен бүгінгі тынысын тоғыстырған мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынылды. Домбыраның күмбірлеген үні көрерменге халқымыздың тарихын, рухын, елдік мұратын және ұлттық бірегейлігін терең сезіндіріп, ерекше рухани әсер сыйлады.

«Домбыра – дастан» мерекелік концерті қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй мен жарқын эмоция сыйлады. Ашық аспан астындағы мәдени кеш ұлттық өнерді дәріптейтін маңызды алаңға айналып, түрлі буын өкілдерін ортақ рухани құндылықтар төңірегінде тоғыстырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Домбыра
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға өтінім қабылдау басталады

Бүгін 12:12

Алматыдағы Республика алаңы жаңартылып, пайдалануға берілді

Бүгін 11:18

Доллар бағасы қымбаттай ма?

Бүгін 11:09

+46°C: еліміздің кей өңірінде ауа температурасы қауіпті деңгейге көтеріледі

Бүгін 10:04

Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

Кеше 21:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);