Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда Ұлттық домбыра күні қалай тойланады

Алматыда Ұлттық домбыра күні қалай тойланады

Не? Қайда? Қашан? 30.06.2023, 03:27 2,608
Алматыда Ұлттық домбыра күні қалай тойланады
almaty-akshamy.kz

Алматыда 2 шілде күні сағат 20:00-де Абай алаңында Ұлттық домбыра күніне орай «Аңыз Домбыра» мерекелік концерті өтеді. Мерекелік концерт сахнасында Мейрамбек Беспаев, Асылбек Еңсепов, Ғазизхан Шекербек, Жанар Айжанова, «Алашұлы» тобы, Тамара Асар, Ерболат Құдайберген, Нұрлан Албан, «Ұлытау» тобы, Райм Уайс, Kyle Ruh, «Made in KZ» және т. б. өнер көрсетеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Мерекелік концертке танымал күйшілер – Нұржан Тәжікенов, Айгүл Қосанова, Тілеулес Құрманғалиев, Сәуле Жанпейісова, Гүлмира Сарина, Ардақ Исатаева және Еркін Құдайберген қатысады. Олар ұлы композиторлар Құрманғазы мен Н.Тілендиевтің танымал халық әндері мен шығармаларын орындайды. Іс-шара аясында қазақ халық аспаптары шеберлерін – талантты қолөнершілерді естелік сыйлықтармен марапаттау өтеді.


Айта кетерлігі, ұлттық аспаптың құрметіне арналған мереке Қазақстанда жыл сайын 2018 жылдан бастап шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі.


Ұлттық домбыра күнін мерекелеу қаланың басқа аудандарында да өтеді:


- Әуезов ауданында «Ұлттық домбыра күні» мерекелік флешмобы 2 шілде күні сағат 09:00-де Алтынсарин даңғылы, 23 мекенжайы бойынша аудан әкімдігі ғимаратының алдында өтеді.


- Алатау ауданында «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» мерекелік концерті Ұлттық домбыра күніне орай 2 шілде күні сағат 11:00-де Нұркент 5/11 шағын ауданындағы дәстүрлі музыканың мультимедиялық орталықта  өтеді.


- Жетісу ауданында Ұлттық домбыра күніне арналған «Алтын домбыра – Жетісу әуені» жанбасына қаржыландыру аясында балалар арасындағы байқау 2 шілде күні сағат 12:00-де Серіков көшесі, 2 мекенжайындағы «Гүлдер» саябағында өтеді.


- Медеу ауданында 30 домбырашы мен Медеу ауданының жалпы білім беретін мектептері оқушыларының қатысуымен шағын флешмоб 1 шілдеде сағат 10: 00-де, Зенков көшесі жағынан 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өтеді


- Наурызбай ауданында «Домбыра party» мерекелік концерті 30 маусым күні сағат 19:00-де Шұғыла, 347-дегі аудан әкімдігі ғимаратының алдында өтеді.


- Түрксіб ауданында Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік флешмоб 1 шілдеде сағат 10:00-де, Сейфуллин даңғылы 13/1 бойындағы №6 оқушылар үйінің алдындағы алаңда өтеді.


Сонымен қатар, Алмалы және Бостандық аудандарында Ұлттық домбыра күніне арналған домбырашылар флешмобы өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Домбыра #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Аяғымды кесіп тастауы мүмкін": Бетперде киген жігіт 15 жастағы қызға үй мен қаражат сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 16:42

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15

Алматыда заңсыз сауда нысандары сүрілді

Бүгін 16:02

Алматыда жүргізушілер көлігінің шығарындысын тегін тексере алады

Бүгін 15:59

Суасты сырлары: Алматыда ерекше көрме ашылды

Бүгін 15:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика