ffin.kz

Алматыда Ұлттық домбыра күні қалай тойланады?

Алматыда Ұлттық домбыра күні қалай тойланады? Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстанда шілденің бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні тойланады. Осыған орай Алматыда 7 шілде күні сағат 20:00-де Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында «Аңыз Домбыра» концерті өтеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  

Сахнада Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Секен Тұрысбек, Айгүл Қосанова, Асылбек Еңсепов, Шолпан Даржанова, Әбділхамит Райымбергенов, Нұркен Әшіров, Ардақ Балажанова, Нұржан Жанпейісов, «Қоңыр» тобы, «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Салтанат» би ансамблі және т.б. өнер көрсетеді.

Танымал күйшілер Кенен Әзірбаев, Төлеген Момбеков, Әсет Бейсеуов, Мейрамбек Жанболатов және т.б. халық әндері мен шығармаларын орындайды.

Бұған қоса, шаһар тұрғындары мен қонақтары мерекеге орай ұйымдастырылған мәдени іс-шараларды тамашалай алады

Сондай-ақ, қаланың барлық ауданында Ұлттық домбыра күніне арналған бірқатар мәдени іс-шара өтеді:

-    Алатау ауданында 4 шілде күні сағат 15:00-де Alatau Creative Hub – Алматы кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлескен іс-шара өтеді. Мерекелік бағдарламада шығармашылық ұжымдар сөз сөйлейді. Іс-шараның басты мақсаты-этносаралық қатынастарды нығайту және қазақ мәдениетін насихаттау. Сонымен қатар, 5 шілдеде сағат 11:00-де Мультимедиялық дәстүрлі музыканың орталығында «Қазағымның жүрегінен жаралған, Бабамыздың үнісің сен – домбыра!» концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады. 

-    Әуезов ауданында 5 шілдеде сағат 11:00-де «Family» саябағында концерт өтіп, эстрада артистері Құрманғазы, Дәулеткерей және Тәттімбет шығармаларын орындайды. Сонымен қатар, «Сарыарқа» скверінде сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін қолөнер жәрмеңкесі өтеді;

-    Бостандық ауданында 5 шілде күні сағат 14:00-де «Mega Alma-Ata» СОО аумағында Ұлттық домбыра күнін тойлау құрметіне «Күмбірле қоңыр домбыра» мерекелік бағдарламасы өтеді;

-    Медеу ауданында 4 шілде күні сағат 12:00-де Нұрғиса Тілендиев мемориалдық музейіне келушілер дәстүрлі жанр артистерінің қатысуымен «Сиқырлы үні» концертін көре алады. Сондай-ақ сағат 11: 00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Dombyra fest флешмобы өтеді. 

-    Наурызбай ауданында 5 шілде күні сағат 11:00-де Шұғыла, 347/4 мекенжайындағы Инновациялық шығармашылық орталығында мерекеге орай концерттік бағдарлама болады.

-Түрксіб ауданында 5 шілде күні сағат 17:00-де Сауранбаев көшесіндегі Арбатта домбыра күніне арналған «Алтын домбыра» домбырашылардың флэшмобы өтеді.

Тақырыпқа орай

Pelin Argün

Kazakistan'da her yıl Temmuz ayının ilk pazarı kutlanan Dombra gününde dombra'nın kültürel tarihi ve önemini vurgulan çoşkulu etkinlikler yer alıyor.

Bu yıl 7 Temmuz'da kutlanan dombra günü başkent Astana' dan Almatı'ya kadar bir çok yerde kutlandı 

Bu yıl Almatı'da Kok Tobe'de kutlanan dombra gününde dombranîn büyüleyici sesi ve kazak halk müziğinin ezgileri dinleyicilere unutulmaz anlar yaşattı.

Dombra genç nesillere kültürel miraslarını tanıtmak için önemli bir araç olarak yerini korumaya devam ediyor.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:42

18:40

18:26

18:26

18:25

18:24

18:22

17:46

17:45

17:18

17:15

17:01

16:52

16:42

16:39

16:35

16:32

16:08

16:06

16:05

16:02

15:50

15:48

15:45

15:42