AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Ұлттық домбыра күні ауқымды түрде аталып...

Алматыда Ұлттық домбыра күні ауқымды түрде аталып өтті

Барлығы 06.07.2025, 21:52 680 Сұлу
Алматыда Ұлттық домбыра күні ауқымды түрде аталып өтті
Алматы әкімдігі

Бүгін Алматыдағы Абай алаңында Ұлттық домбыра күніне арналған ашық аспан астындағы ауқымды мерекелік концерт өтті. Күй мен жыр өрілген рухани кешке мыңдаған қала тұрғыны мен қонағы жиналды.

Концертке Қазақстанның Еңбек Ері, халық артисі Асанәлі Әшімов, ТҮРКСОЙ жанындағы Түркі мемлекеттері жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты. Салтанатты кеште сөз алған Алматы әкімі Дархан Сатыбалды домбыраның қазақ мәдениеті, руханияты және ұрпақтар сабақтастығының нышаны екенін атап өтті.

«Домбыра – қазақтың жаны, жүрегінің лүпілі. Оның қос ішегінде ғасырлар сыры, бабалар рухы, ұлттың болмысы жатыр. Домбыраның әр пернесі – өткен мен бүгінді жалғастыратын алтын көпір, әр күйі – ұрпақтан ұрпаққа жеткен өшпес мұра. Бұл мейрам – ұлттық рухымызды жаңғыртып, мәдениетіміздің терең тамырын сезінуге шақыратын сәт. Қастерлі домбыра әр шаңырақтың төрінде, әр жүректің түбінде  әрдайым жаңғырып тұруы, мәңгі сақталуы тиіс. Ұлттық домбыра күні баршамызға құтты болсын!», - деді Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды.

Мерекелік концертте Роза Рымбаева, Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Қосанова, Рамазан Стамғазиев, Мейрамбек Бесбаев, Асылбек Еңсепов, Мөлдір Әуелбекова, «Қоңыр» мен Ulytau топтары, «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистері мен басқа танымал өнерпаздар өнер көрсетті.

Кештің ең көркем шарықтау шегі Нұрғиса Тілендиевтің әйгілі «Әлқисса» күйінің орындалуы болды. Одан кейін атақты домбырашылар мен олардың шәкірттері күй тартыс ұйымдастырып, орындаушылық шеберлік пен дәстүр сабақтастығын паш етті.

Концерт соңында Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева «Домбыра туралы баллада» мен «Атамекен» әндерін тарту етіп, жиналған қауымның құлақ құрышын қандырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #домбыра күні #әкім #құттықтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҰБТ-мен қатар баламалы тест енгізіледі

Бүгін 09:30

Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

Бүгін 09:11

28 сәуірде ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:42

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Кеше 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Кеше 18:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика