AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Ұлттық дәм» фестивалі өтті

Алматыда «Ұлттық дәм» фестивалі өтті

Әлеумет 22.05.2025, 17:08 1,054
Алматыда «Ұлттық дәм» фестивалі өтті
Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Алматы қаласы Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі базасында I республикалық «Ұлттық дәм» байқауы өтті.

Байқау-фестивальге әлеуметтік серіктестер, Алматы қаласы мен Алматы және Жамбыл облыстарының колледж студенттері, өндірістік оқыту шеберлері, оқытушылар қатысты. Байқауға 60-қа жуық қатысушы жиналды, ал «дәмді» іс-шараны 50-ден астам қонақ тамашалады.


Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің директоры, байқау ұйымдастырушыларының бірі Н.Жабықбаев іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

«Фестивальдің мақсаты – аспаздық өнер саласындағы жұмысшы мамандықтарды насихаттау, қазақ ұлттық тағам дәстүрлерін жаңғырту мен сақтау, сондай-ақ аспаз мамандығының беделін арттырып, жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту», – деді ол.

Иә, қазақтың ұлттық асханасының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрін сақтау және кеңінен насихаттау, ұмыт қалған тағам түрлерін қайта жаңғыртуда мақсат еткен фестивальде қатысушылар «әсіп», «жанышпа», «ми шұжық», «құйрық бауыр», «жент», «балқаймақ», «уыз», «құймақ» сынды ұмыт бола бастаған тағамдарды жаңаша түрде ұсынуға тырысты. Байқау сонымен қатар қазақ тағамын туристер арасында кеңінен танытуға, оны мейрамхана индустриясында ілгерілетуге және аспаздық өнер саласында озық тәжірибе алмасуға ықпал етті.

«Біз – өндірістік оқыту шеберлерінің командасы, Жамбыл облысынан келдік. Дайындық барысында ұлттық дәстүрімізді зерттеп, мейрамхана мәзіріне енгізуге болатын, заманауи үлгіде дайындалған тағамдар әзірледік. Бұл тағамдар тек отандастарымызға ғана емес, сонымен қатар еліміздің қонақтары мен туристеріне де ұнайды деп ойлаймыз», – дейді Тараз сервис және технология колледжінің оқытушысы М.Құрманалиева.

«Жанданған ұлттық дәм» номинациясының бас жүлдесін Алматы қаласы Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі иеленді. 1-орын – Алматы технологиялық-қаржылық  және инновациялық-технологиялық колледжіне, 2-орын – Алматы технологиялық колледжі мен Тараз (Жамбыл облысы) сервис және технология колледжіне, ал 3-орын Жамбыл кәсіптік колледжі мен Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжіне (Алматы облысы) бұйырды.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #туризм #Ұлттық дәм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының таулы аймағында Medeu Park Hotel ашылды

Бүгін 15:50

Алматыда қайталама шикізатты жинау және қайта өңдеу бойынша көшпелі экоакция өтеді

Бүгін 15:43

Almaty Marathon: 27 қыркүйекте Алматының бірқатар көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін 15:38

«Әділет» партиясының фракциясы Мәдениет және ақпарат, Оқу-ағарту министрлеріне депутаттық сауал жолдады

Бүгін 15:31

«Әділет» партиясының фракциясы Мәдениет және ақпарат министріне депутаттық сауалы жолдады

Бүгін 15:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);