Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен семи...

Алматыда үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен семинар өтті

Әлеумет 04.07.2022, 05:30 1,243
Алматыда үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен семинар өтті
Сурет: Pricom.kz

Семинар «Терроризмді қаржыландыруға және ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимылдар КЕҰ-ны бағалауға ФАТФ тәсілдері» тақырыбында өтті. 


Қазақстанның барлық өңірлерінен келген үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері Алматыда өткен семинарға қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  


Ағымдағы жылдың 29 маусымында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Ақпараттық-ресурстық орталық» (Алматы Азаматтық орталығы) «Азаматтық бастамалар орталығы» ҚБ-мен бірлесіп, «ҮЕҰ Академиясы» жобасы аясында Қазақстанның ҮЕҰ-на арналған «Терроризмді қаржыландыруға және ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимылда КЕҰ-ны бағалауға ФАТФ тәсілдері» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. 


Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі бола отырып, ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ағыл. Financial Action Task Force - FATF ) қағидаттары мен ұсынымдарын қолдайды және осы жылы тиісті халықаралық бағалаудан өтуді жоспарлап отыр.


 ФАТФ 1989 жылы «Үлкен жетілік» елдерінің шешімі бойынша құрылды және қазіргі уақытта халықаралық стандарттарды әзірлеумен және енгізумен, сондай-ақ ақшаны жылыстатумен, терроризмді қаржыландырумен және халықаралық қаржы жүйесінің тұтастығына өзге де байланысты қауіп-қатерлермен күрес жөніндегі құқықтық, реттеуші және жедел шараларды тиімді қолдануға жәрдемдесумен айналысатын негізгі халықаралық институт болып табылады. 


Қазақстанның КЕҰ секторы, 8 ФАТФ ұсынымына сәйкес, осы ұсынымдарға сәйкестігіне бағаланатын болады. 


ҮЕҰ көшбасшыларының қаржылық және басқару сауаттылығын арттыруға арналған осы семинарда мемлекеттік органдардың өкілдері, «Ұлттық және халықаралық даму бастамалары институты» ҚҚ директоры Светлана Борисовна Ушакова, ҚР ҚҚА шақырылған халықаралық сарапшы Андрей Иванович Боричевский (Беларусь) негізгі спикерлер болды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің басқарма басшысы Жанбота Жолдасұлы Қарашолақов алғы сөз сөйледі. 


Өз таныстырылымында Андрей Боричевский ФАТФ-тың маңызы мен қызметі, КЕҰ секторы үшін КЖ/ТҚ қарсы іс-қимыл бойынша 8 ұсынымның мәні туралы айтып, басқа елдердің осы халықаралық ұйымның сараптамалық бағалауынан өткені туралы білімдерімен бөлісті, сондай-ақ семинар тыңдаушыларының сұрақтарына жауап берді. 


Қорытындылай келе, С.Б. Ушакова мемлекеттік органдардың «үшінші секторлармен» әріптестікте ФАТФ ұсынымдарын тиісті түрде қалай орындау керектігі, осы саясатты іске асыру шеңберінде КЕҰ/ҮЕҰ-ға қандай шаралар қолданылуы мүмкін, бұл елге және ҮЕҰ-ға осы бағалаудан өтуге және т. б. мүмкіндік беретіні жөнінде пікірімен бөлісті.


Семинар Алматы қаласындағы «Алматыбасжоспары» ғылыми-зерттеу институтының ғимаратында гибридтік форматта өтті. 


Семинарға Қазақстанның барлық өңірлерінен үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты. 


Семинар-тренингтің толық видеосы Facebook әлеуметтік желісінде келесі сілтеме бойынша көре аласыздар: https://fb.watch/dZawuqV6IV/

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Семинар #НПО #ҮЕҰ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Прокуратура референдум қарсаңында заң талаптарын сақтауға шақырды

Бүгін 13:58

Снежанна Имашева жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін 13:50

Алматыда кәсіпкерлікті қолдау және дамыту шаралары талқыланды

Бүгін 12:18

Астанада көшеде пышақ ұстап жүгірген ер адам ұсталды

Бүгін 12:09

Қазақстанда ақшаны қалай тиімді жинауға болады: депозит, инвестиция және халал қаржы жолдары

Бүгін 12:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика