Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда үй жануарларын тегін чиптеу және тіркеу б...

Алматыда үй жануарларын тегін чиптеу және тіркеу бағдарламасы 1 қарашадан басталады

Не? Қайда? Қашан? 26.10.2023, 03:41 1,423
Алматыда үй жануарларын тегін чиптеу және тіркеу бағдарламасы 1 қарашадан басталады
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қала тұрғындарын 2023 жылғы 1 қарашадан бастап, 20 желтоқсанды қоса алғанда, үй жануарларын тегін чиптеу және тіркеу бағдарламасының басталатыны туралы хабардар етеді. Аталған бағдарлама шеңберінде, 15 мың үй жануарын (иттер мен мысықтарды) чиптеу және тіркеу көзделген, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы                                      20 мамырдағы №169 «Үй жануарларын есепке алу қағидасын және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, барлық үй мысықтары мен иттері белгіленген (болюспен, чиппен, білезікпен немесе мойын жағасымен, электрондық белгісімен, құлақ сырғаларымен немесе басылған таңбамен) және «TANBA» үй жануарларын есепке алудың бірыңғай базасында тіркелген болуы тиіс.



Алматы қаласының тұрғындары үшін «TANBA» есепке алудың бірыңғай базасында тегін чиптеу және тіркеу рәсімі  келесі ветеринариялық емханаларда жүргізіледі:



  1. «ALLVET» ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Төле би көшесі, 279 Б, тел: 8 (747) 438-38-87;

  2. «Мастино» ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Есенберлин көшесі, 217, тел: 8 (707) 327-44-88;

  3. «Барыс» ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Райымбек даңғылы, 223 «Б», тел: 8 (707) 123-49-00;

  4. «Ветстанция» ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Сейфуллин даңғылы, 49, тел: 8 (701) 757-77-27;

  5. «MedVet» ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Луганский көшесі, 54/1В, тел: 8 (708)699-19-43;

  6. «DOG PREMIUM» ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Грибоедов көшесі, №105, тел: 8 (707) 339-33-28;

  7. «Хвостики» ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Жандосов көшесі, 54, тел: 8 (708) 983-43-13;

  8. «Айболит» ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Абай даңғылы, 26, тел: 8 (708) 972-02-07.


Рәсімнен өту үшін, жануар иесі жоғарыда аталған мекенжайлардың біріне жануарымен бірге барып, өтініш жасауы қажет. Жануар иесінің өзімен бірге жеке куәлігі, мобильді телефоны және бар болған жағдайда, жануардың ветеринариялық паспорты (болмаған жағдайда, жануар иесінің есебінен ветеринариялық емханада ресімделеді) болуы тиіс.


Ветеринариялық мамандар жануарға микрочип орнатады, жануардың және оның иесінің деректерін «TANBA» үй жануарларын есепке алудың бірыңғай базасына енгізеді, сонан соң жануар иесінің мобильді нөміріне Kezekte.kz алты белгілік растау коды бар 1414 (e-gov) нөмірінен СМС хабарлама келеді, оны жануардың жеке басын растау үшін, 30 секунд ішінде ветеринария маманына хабарлау керек.


Қосымша ретінде, барлық туындаған сұрақтар бойынша көрсетілген қызмет орнындағы ветеринария маманынан кеңес алуға болады.


Сондай-ақ қосымша ретінде, аталған қызметті ұсына отырып, үй-үйді аралап тексеру жұмысы көзделген, өтініш беру үшін байланыс деректері:



  1. Алатау ауданы – 8 (707) 123-49-00;

  2. Алмалы ауданы – 8 (707) 123-49-00;

  3. Әуезов ауданы – 8 (747) 438-38-87;

  4. Бостандық ауданы – 8 (707) 123-49-00;

  5. Жетісу ауданы – 8 (707) 123-49-00;

  6. Медеу ауданы – 8 (707) 123-49-00;

  7. Наурызбай ауданы – 8 (747) 438-38-87;

  8. Түрксіб ауданы – 8 (747) 438-38-87.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жануар #чиптеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика