ffin.kz

Алматыда тұтынушы ретінде өз құқығын қорғайтын азаматтар саны өсіп келеді

Алматыда тұтынушы ретінде өз құқығын қорғайтын азаматтар саны өсіп келеді Сурет: Gov.kz

Алған тауар сапасына наразы болып, шағымданғандар саны өскен.


Қазақстандықтардың құқықтық сауаттылығы мен тұтынушылық мәдениеті айтарлықтай өсіп келеді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Kapital.kz сілтеме жасап.


Алматы қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Нұрлыбек Бимурзаевтың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда тұтынушылар тарапынан түскен шағым көлемі айтарлықтай өскен.



«Шағым жазатын азаматтардың басым бөлігіне тауардың сапасы мен көрсетілген қызмет сапасы ұнамайды. Жалпы республика бойынша 2022 жылдың бірінші жартыжылдықта 11595 өтініш келіп түскен. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42%-ға көп (8 164 рет қаралды). Айына тұтынушылардың өтініштері аймаққа байланысты 20-35 пайызға артып келеді. Алматы қаласы бойынша департамент 6 айда 1470 өтінішті қарады, оның 766-сы жазбаша, 87-сі телеграм боты арқылы, 638-і e-otynysh онлайн үндеу жүйесі арқылы», - дейді Нұрлыбек Бимурзаев.



Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, өтініштерді қарау қорытындысы бойынша үстіміздегі жылдың алты айында  қазақстандықтарға сапасыз тауарлар мен қызметтер үшін 408 млн теңге қайтарылған. Оның төрттен бірінен астамы – 104 миллион теңге дерлік – Алматының үлесіне жатады.


Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары қазіргі кезде  мемлекеттік органдардың шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруіне мораторий жарияланғанын еске салды. Сондықтан жосықсыз кәсіпкерлердің әрекетіне жауап беру шаралары олардың әрекетінен зардап шеккен жеке тұлғаның өтінішінен кейін ғана қабылдануы мүмкін. Азаматтардың өтініштерін жедел қарау үшін арнайы платформада онлайн режимінде шағым түсіруге болады.


«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңға әзірленген түзетулердің 2-ші пакеті тұтынушылық құқықтарды қорғау жүйесіндегі құқықтық олқылықтарды жоюға, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер сапасының өсуіне ықпал ететін болады. Заң жобасын талқылауға барлығы ашық НҚА порталында қатыса алады.


Тұтыну құқығын бұзу туралы шағымды «E-tutynushy» онлайн-сервисінің көмегімен беруге болады. Комитет мамандарының консультациясы тегін «жедел желі» телефондары арқылы жүзеге асырылады: 8-7172-74-98-32, 8-7172-74-98-36.


Қазақстан үкіметі қазақстандықтардың тұтыну құқығын қорғау мақсатында студенттер арасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша курстар өткізіп жатыр.


Курстар Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен, «Оқыту қызметтерін көрсету арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықтың ақпараттық-ағарту жұмысы» әлеуметтік жобасы аясында өткізілуде.


Бұл курс студенттердің келесі мақсаттарына қол жеткізуге қызмет етеді: тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы қолдану практикасын зерделеу, заңды санаттарды тұжырымдау және ажырату, одан әрі заң шығару жұмысы үшін заңдарды дұрыс қолдану дағдыларын дамыту.


Шығыс Қазақстан облысында 2022 жылдың 7 қарашасы мен 15 қарашасы аралығында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде курс ұйымдастырылуда. Авторы, курс оқытушысы/тренері: заң ғылымдарының кандидаты Рамазанова Айнур Серікханқызы.


Батыс Қазақстан облысында 2022 жылдың 7 қарашасы мен 15 қарашасы аралығында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» курсын Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттері оқып бастады. Курсты тәжірибелі маман, «Батыс Қазақстан облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша қоғам» қоғамдық  бірлестігінің төрайымы Телагисова Дарина Шаумұратқызы жүргізеді.


Алматы Менеджмент Университетінде өтіліп жатқан «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» курсы аяқталу кезеңіне жетті. Студенттер аталған  курс бойынша емтихан тапсырды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04