AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу ша...

Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары талқыланды

Барлығы 11.06.2025, 09:53 722 dulatbekova
Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары талқыланды
Сурет: Polisia.kz

"Қазақстан - зорлық-зомбылықсыз отбасы" республикалық науқаны аясында Алматы қаласының Алмалы ауданында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның отырысы өтті.

Жиын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және жәбірленушілерге әлеуметтік көмек көрсету мәселелеріне арналды, деп хабарлайды aqshamnews.kz. Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Отырысқа полиция, әлеуметтік қызметтер, білім және денсаулық сақтау салаларының өкілдері, тәжірибелі психологтар мен дағдарыс орталықтарының мамандары қатысты. Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетудің тиімді тетіктерін әзірлеу және тиісті құрылымдардың үйлесімді әрекеттерін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Күн тәртібінде — зорлық-зомбылықтың алдын алу бағдарламаларын жүзеге асыру, үкіметтік емес ұйымдардың нақты көмек көрсету тәжірибелері, сондай-ақ халық арасында ақпараттық-ағарту жұмыстарын күшейту қажеттілігі қаралды. 

- Әрбір тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайы жедел әрекет етуді талап етеді. Полиция әлеуметтік қызметтермен, медицина қызметкерлерімен, психологтармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Біздің міндетіміз — қиын жағдайға тап болған адамдарға нақты қорғау мен қолдау көрсету. Мұндай кездесулер көмек көрсету алгоритмін нақты әрі жедел етуге мүмкіндік береді, — деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Махсат Пшан. 

Жиын қорытындысы бойынша мұндай ведомствоаралық кездесулерді тұрақты өткізу, құқықтық түсіндіру жұмыстарын кеңейту, сондай-ақ халықтың осал топтарымен жұмыс істейтін мамандар үшін оқыту семинарларын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тұрмыстық зорлық-зомбылық #алдын алу #Талқылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);