Алматыда тұрмыстық қылмыстардың алдын алуға бағытталған іс-шара өтті

Алматыда тұрмыстық қылмыстардың алдын алуға бағытталған іс-шара өтті Сурет: Polisia.kz

Алматыда тұрмыстық қылмыстардың алдын алуға және азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған «Тұрмыс-Отбасы» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. 

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, есепте тұрған отбасыларды аралап, қиын өмірлік жағдайға тап болғандарға көмек көрсетуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

– Сізге немесе сіздің жақындарыңызға қолдау қажет болса, шетте қалмаңыз – көмек сұраңыз! Отбасыдағы қауіпсіздік – қоғамдағы тұрақтылықтың кепілі, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Пшан.

Спикердің айтуынша, іс-шараны жүзеге асыруға құқықтық және психологиялық көмек көрсететін сенім телефондары жұмыс істейтін дағдарыс орталықтары да белсенді түрде атсалысып жатыр. 

Дағдарыс орталығының телефон нөмірлері: – «Родник» ҚҚ – 396-19-38; – «Жан-Сая» ҚМУ – 150 (анонимді, 24 сағат) немесе 8 777 225 53 26.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/almatyda-turmystyq-qylmystardyng-aldyn-alugha-baghyttalghan-is-shara-otti/

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:46

19:49

19:41

17:48

17:31

17:15

17:05

16:54

16:53

16:33

16:18

16:10

16:05

15:49

15:35

15:25

15:18

15:12

15:00

14:47

14:28

14:13

14:04

12:45

12:20