AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымының IV Халықаралы...

Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымының IV Халықаралық жастар фестивалінің ашылу рәсімі өтті

Барлығы 18.08.2025, 22:55 660 Сұлу
Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымының IV Халықаралық жастар фестивалінің ашылу рәсімі өтті
Алматы әкімдігі

Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымының IV Халықаралық жастар фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев және Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.

Салтанатты жиынға жиналғандарды құттықтаған Мәдениет және ақпарат министрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жолданған құттықтау жеделхатын оқып берді.

«Алматы - азаттығымыздың алтын бесігі, жасампаз жастардың құтты мекені. Өркениетіміздің өрісін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосқан көптеген ұлы тұлғаларымыз осы қалада өсіп-өнген. Шын мәнінде, төл мәдениетіміздің темірқазығына айналған шежірелі шаһар қазақ елінің ғана емес, түркі мемлекеттерінің де рухани ордасы саналады», - делінген жеделхатта. 

Президент сондай-ақ, Алматыға «2025 жыл – Түркі әлемінің жастар астанасы» мәртебесінің берілуімен баршаны құттықтаған.

Іс-шара барысында Алматыға ресми түрде «2025 жылы – Түркі әлемінің жастар астанасы» мәртебесі берілді. Бұл жастар саясатын дамытудағы қаланың белсенді рөлін айқындап, түркі дүниесі елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың жаңа кезеңіне жол ашты. Бұған дейін бұл атақ Әзербайжанның Ленкорань қаласына берілген еді.

Абай алаңындағы салтанатты рәсім қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты. Мерекелік шоу түркі мемлекеттері жастарының достығы мен бірлігінің нышанына айналды.

Жыл бойы Алматыда халықаралық жастар кемпингі, «Digital Turkic Youth» форумы, «Жайдарман fest» фестивалі және экология, мәдениет пен жастар бастамаларына арналған басқа да жобалар ұйымдастырылады. Бұл іс-шаралар түркі дүниесі жастарының бірлігі мен шығармашылығының, жасампаздығының айқын көрінісі болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар #фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Іле Алатауы ұлттық паркіне – 30 жыл: тау экожүйелерін сақтау мәселесі халықаралық деңгейде талқыланды

Бүгін 22:31

Елзат Ескендірдің «Әбілі»: өтпелі кезеңнің көркем келбеті

Бүгін 21:33

«Вечерний Алматы» газетінің шығармашылық ұжымына Президенттің БАҚ саласындағы Алғысы берілді

Бүгін 18:46

Шанхай тарихи музейінде «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылады

Бүгін 18:31

Алматыда заңсыз қоқыс үйінділерімен күресуге арналған цифрлық платформа таныстырылды

Бүгін 18:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);