AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда туризмді дамытуға 84 млрд теңге инвестици...

Алматыда туризмді дамытуға 84 млрд теңге инвестицияланды

Әлеумет 08.12.2021, 08:37 1,266
Алматыда туризмді дамытуға 84 млрд теңге инвестицияланды
morena.kz

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Сонымен қатар, ол ағымдағы жылдың II тоқсанында шетелдік туристер саны 42%-ға артқанын нақтылады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Спикердің айтуынша, ағымдағы жылы 628 нөмірлі 3 қонақ үй салынды. Оларға 54,3 млрд теңге инвестиция салынды. Бұдан басқа, тау туризмінің қауіпсіз инфрақұрылымын абаттандыру және құру жүргізілуде.


Алматы тауларындағы Тұйық су шатқалында тікұшақ алаңының құрылысы жүргізілуде, тау бағыттарының шалғай тораптық учаскелерінде спутниктік байланыс пен SOS дабыл түймелері бар 15 тау лашықтары орнатылды.



2 арнайы бақылау-құтқару пункті дайындалды, олар таулы жерлерде 16 адамнан тұратын құтқарушылардың тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, «Кімасар» шатқалында дабыл түймелерін бақылау жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылды.



Бүгінгі таңда таулы жерлерде 1000 шақырымнан астам жаяу жүру бағыттары цифрландырылды, олардың 500 шақырымы абаттандырылды. Олардың барлығы 2GIS және ViewRanger платформаларында қолжетімді. Бұл бағыттарда QR кодтары бар стендтерді қоса алғанда, барлық қажетті ақпараттық деректер орнатылған, онда туристер бағыттардың күрделілігімен, оның ұзақтығымен және жүру уақытымен таныса алады.


Бұдан басқа, Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарында ағымдағы жылдың соңына дейін жалпы ұзындығы 179 км болатын тау бағыттарын абаттандыруды аяқтау жоспарлануда, сондай-ақ «Горельник», «Просвещенец», «Қызылсай», «Казачка» және «Лунная» алаңында 6 кемпинг аймағын құру бойынша жұмыс жүргізілуде.



2020 жылы туризм индустриясы коронавирустық пандемиядан зардап шеккен экономика салаларының бірі болды. Дегенмен, ішкі туристер саны 422 мың адамды құрады.


2021 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша, Алматыдағы туристердің жалпы саны 501,4 мыңнан астам адамды құрады, оның ішінде шетелдік туристер – 54,2 мың, ішкі туристер - 447,2 мыңнан астам.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының таулы аймағында Medeu Park Hotel ашылды

Бүгін 15:50

Алматыда қайталама шикізатты жинау және қайта өңдеу бойынша көшпелі экоакция өтеді

Бүгін 15:43

Almaty Marathon: 27 қыркүйекте Алматының бірқатар көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін 15:38

«Әділет» партиясының фракциясы Мәдениет және ақпарат, Оқу-ағарту министрлеріне депутаттық сауал жолдады

Бүгін 15:31

«Әділет» партиясының фракциясы Мәдениет және ақпарат министріне депутаттық сауалы жолдады

Бүгін 15:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);