Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда туристік қызметті дамыту мәселелері бойын...

Алматыда туристік қызметті дамыту мәселелері бойынша турагенттермен кездесу өтті

Әлеумет 12.03.2025, 14:42 853
Алматыда туристік қызметті дамыту мәселелері бойынша турагенттермен кездесу өтті
Cурет: atameken.kz

Басқосу жетекші турагенттердің, туристік сала сарапшыларының және мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің қатысуымен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Статистика бойынша, 2024 жылы қалаға 1,7 миллион турист келген, бұл Алматыға, еліміздің негізгі туристік бағыттарының бірі ретінде, үлкен қызығушылық танытудың белгісі. Туризмнен түсетін салық түсімдерінің көлемі 85,5 млрд. теңгені құрады. Дегенмен, табысты нәтижелерге қарамастан, саланы одан әрі дамытуды қиындататын бірқатар сын-қатерлер бар.

Кездесуде қала инфрақұрылымының жағдайы, қонақ үй орындарының жетіспеушілігі, сондай-ақ көліктің қолжетімділігі мен қызмет көрсету сапасына қатысты мәселелер талқыланды. Туристердің Алматыда болуы кезінде саяхатын жайлы етуге және келушілер ағынын арттыру мақсатында  бұл мәселелер шешімді қажет етеді.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар Алматының туристік тартымдылығына теріс әсер ететін қала экологиясының ластану проблемаларын талқылады. Сарапшылар экологиялық тұрақты туристік өнімдерді әзірлеудің және экологиялық туризм саласында заманауи стандарттарды енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Ішкі және сыртқы туризм мәселелерін талқылау да маңызды болды. Қатысушылар Алматыда ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде де туристерді тарта алатын бірегей туристік өнімдерді белсенді дамыту қажет екенін атап өтті. Ұсыныстардың қатарында елдің байлығы мен түрлілігін көрсете алатын мәдени, тарихи және экологиялық турларды қоса алғанда, жаңа маршруттар құру бастамалары болды.

Кездесу барысында ағымдағы сын-қатерлерді еңсеру үшін нақты шешімдер ұсынылды. Мысалы, сарапшылар туристік ағындардың өсуін ескере отырып инфрақұрылымды дамытуды, туристерге қызмет көрсетуде жаңа технологияларды енгізуді, шағын және орта бизнес үшін қосымша мүмкіндіктер жасауды ұсынды. Сондай-ақ, өңірлерде туристік саланың дамуына түрткі болатын туристік кластерлерді құру перспективалары тарқатылды.

Кездесу соңында қатысушылар тұрақты және бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымды құру үшін мемлекеттік құрылымдар, бизнес және сарапшылар арасындағы ынтымақтастық шеңберін кеңейтуге келісті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Туристік қызмет #дамыту #басқосу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика