AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда түрік тілі курсының жабылу рәсімі өтті: ү...

Алматыда түрік тілі курсының жабылу рәсімі өтті: үздіктер Түркияға барады

Барлығы 13.06.2025, 14:33 727
Алматыда түрік тілі курсының жабылу рәсімі өтті: үздіктер Түркияға барады
Сурет: Алматы бизнес колледжі

Алматы қаласында бір жылдық түрік тілі курсының салтанатты жабылу кеші өтті.

Шара барысында курс қатысушылары – студенттер мен оқытушыларға арнайы сертификаттар табысталып, үздіктерге Түркия Республикасында екі апталық білім бағдарламасына жолдама берілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Кешке Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының өкілі Айхан Коркмаз, Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің директоры Айнұр Қуанышқызы және оқу үдерісіне белсенді қатысқан оқытушылар мен студенттер қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Бәсекеге қабілетті болудың бірден-бір жолы – көп тіл білу. Әсіресе, шет тілдерін меңгеру – жаңа мүмкіндіктерге жол ашады» деген сөзі бұл кештің мәні мен мазмұнын ашып тұрғандай. Түрік тіліне деген қызығушылықтың артуы – Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени және білім байланысының айқын көрінісі.

Шара барысында сөз алған Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің директоры Айнұр Қуанышқызы:

«Бүгін – бір жылдық еңбектің қорытындысы. Бұл курс студенттерімізге тек тіл үйретіп қана қоймай, Түркия мәдениетімен етене танысуға мүмкіндік берді. Мұндай жобалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз. Ұстаздарымызға, қолдау білдірген тараптарға алғысым шексіз», – деді.

Кештің құрметті қонағы, Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының өкілі Айхан Коркмаз мырза:

«Қазақстан мен Түркия арасындағы достық – терең тарихи негізге ие. Осындай бастамалар бұл байланысты одан әрі нығайта түседі. Түрік тілін үйреніп жатқан жастар – біздің болашақ мәдени елшілеріміз», – деп атап өтті.

Салтанатты кеш барысында өз кәсібилігімен көзге түскен оқытушы Мұхаммед Ашчыға арнайы алғыс білдіріліп, үздік жеті студент пен үш мұғалімге Түркия мемлекетінде екі апталық тегін білім бағдарламасына жолдама берілді.

Жолдама алған ұстаздардың бірі – колледж оқытушысы Шолпан Маратқызы бұл мүмкіндікті зор қуанышпен қабылдағанын жеткізді:

«Түркияға барып, білімімізді тереңдетуге мүмкіндік алғанымыз – үлкен мәртебе. Бұл тек кәсіби даму ғана емес, екі ел арасындағы достықты терең түсінуге жол ашады. Өзім де осы курс арқылы түрік тіліне деген қызығушылығымды арттырдым. Болашақта бұл тілді оқытумен де айналысқым келеді», – деді ұстаз өз пікірінде.

Сондай-ақ, жолдама алған студенттердің бірі – колледждің үздік білім алушыларының қатарындағы Төлеген Нұрасыл:

«Бір жыл ішінде тек тіл үйреніп қана қоймай, жаңа достар тауып, шет ел мәдениетін тануға мүмкіндік алдық. Түркияға сапар – мен үшін үлкен арман еді. Бұл мүмкіндік үшін барлық ұстаздарға алғысым шексіз», – деп әсерімен бөлісті.

Айта кетейік, бұл түрік тілі курсы 5 жылға жалғасатын жоба ретінде жоспарланып отыр. Жыл сайын жаңа топтар қабылданып, үздіктерге Түркияда білімін жалғастыру мүмкіндігі берілмек.

Салтанатты кеш жылы жүздесулермен, шығармашылық қойылымдармен және шынайы алғыс сөздерімен жалғасты. Курс түлектері болашақта түрік тілін кәсіби деңгейде меңгеріп, білім мен мәдениет көпірін жалғайтын мамандар қатарына қосылуға ниетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #түрік тілі #жабылу салтанаты #сертификат #Түркияға сапар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Қазақстан Президентін Наурызбен құттықтады

Бүгін 09:39

22 наурызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 08:39

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Кеше 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Кеше 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Кеше 19:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика