AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда тұрғын үй сертификаттарының мөлшері 1,5 м...

Алматыда тұрғын үй сертификаттарының мөлшері 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды

Әлеумет 08.06.2022, 08:18 1,510
Алматыда тұрғын үй сертификаттарының мөлшері 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды
Сурет: Inform.kz

Мұндай сертификат алушылар қатарында көп балалы отбасылар, жетім балалар, мүгедектігі бар азаматтар бар.


Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында тұрғын үй сертификаттарының жаңа мөлшері бекітіліп, тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санаттары айқындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Сондай-ақ, Amanat партиясы филиалы Бюросының шешімімен белгілі журналист және эколог Сергей Пономарев Алматы қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. Сессия барысында Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы бекітілді, ол кәсіби аудитор және қаржыгер Алтай Бердикулов болды. 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауды кеңейту бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Әлеуметтік сипаттағы мәселелер Алматы әкімдігі үшін басым бағыт болып табылады. Осыған байланысты қала әкімі Ерболат Досаевтың ұсынысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. 


Кезекте тұрғандар қатарынан сертификат алушылар санатына келесі азаматтар жатады:


- 1 және 2 топтағы мүгедектер;


- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;


- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;


- көп балалы отбасылар; 


Естеріңізге сала кетейік, тұрғын үй сертификаттары Алматыда әлеуметтік тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар үшін жеңілдетілген ипотекалық несиелеу бағдарламасы аясында бастапқы жарнаның бір бөлігін өтеу үшін қолданылады. 


Сессия Almaty.TV YouTube арнасында тікелей эфирде және мәслихатының YouTube, Aitube арналарында көрсетілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сертификат #ипотека
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);