Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда Тұйық Су шатқалында визит-орталық ашылады

Алматыда Тұйық Су шатқалында визит-орталық ашылады

Не? Қайда? Қашан? 12.02.2025, 09:18 816
Алматыда Тұйық Су шатқалында визит-орталық ашылады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы, «Almaty Finance» ЖШС «Askar Development» ЖШС-на Тұйық Су шатқалында заманауи туристік орталықтың құрылысына 380 млн.теңге бөлді.

Жобаны қаржыландыру басым бағыттардың бірі ретінде туризмді қолдау шеңберінде «Almaty Business-2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6% (ЖТСМ), қаржыландыру мерзімі - 5 жылды құрайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Визит-орталық қонақ үймен, кафемен, дәріханамен, жабдықтарды сатып алуға және жалға алуға арналған дүкенмен, кәдесый дүкенімен және шығармашылық іс-шаралар өткізуге арналған аймақпен жабдықталады. Орталық сонымен қатар Медеуге және кері бағытта электромобильмен туристерді тасымалдау қызметтерін, квадроциклдер мен велосипедтерді жалға алуды, көршілес топтық экскурсияларды, жеке экскурсияларды, тақырыптық дәрістер мен мастер-класстарды қамтамасыз етеді. 

Жобаның негізгі мақсаты-жергілікті экотуризмді дамыту үшін жағдай жасау, халықты жайлы рекреациялық демалыспен қамтамасыз ету, Алматының туристік тартымдылығын арттыру. 

Жеңілдікті қаржыландыру аясында «Askar Development» ЖШС бірқатар әлеуметтік міндеттемелерді өз мойнына алады. Компания кешен аумағында тазалықты сақтауды қамтамасыз етеді, қалдықтарды басқару жүйесін енгізеді, маршруттарды сипаттайтын интерактивті ақпараттық панельдер орнатады, құтқару қызметтері мен туристерді қолдау орталықтарының контактілері бар қалқандарды орналастырады, шұғыл байланыс аймағын құрады. 

Орталықты салу және жайластыру кезінде қарыз алушы экологиялық таза материалдарды пайдаланады, туристерді олардың маршруттарының бағыттарын қадағалау функциясымен тіркеу жүйесін ұйымдастырады, тегін қоғамдық дәретхананы көздейді және тау маршруттарында қауіпсіз жүріс-тұрыс бойынша тұрақты дәрістер мен нұсқамалар жоспарлайды. Кешен аумағында сыйымдылығы 8 адамға дейін құтқару қызметінің қызметкерлеріне арналған екі үй-жайды орналастыру мүмкіндігі Қосымша қарастырылуда. 

«Алматының туристік тартымдылығын арттырумен қатар, жоба аясында 22 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылады, сондай-ақ жергілікті бюджетке түсетін түсімдер ұлғайтылады. Компанияның жыл сайынғы салық төлемдері 170 млн. теңгені құрайды деп күтілуде», - деп атап өтті «Almaty Finance»ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Жұлдыз Игенов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тұйық #шатқал #визит орталық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15

Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттауға арналған 2026–2028 жылдарға арналған жоспарды бекітті

Бүгін 14:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика