AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда «Түбі бір түркі әдебиеті» атты дөңгелек ү...

Алматыда «Түбі бір түркі әдебиеті» атты дөңгелек үстел өтті

Барлығы 18.03.2025, 17:34 607
Алматыда «Түбі бір түркі әдебиеті» атты дөңгелек үстел өтті
Сурет: Gov.kz

Оған Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Өзбекстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Минходжиддин Хожиматов, екі елдің танымал қаламгерлері қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы – әдеби байланысты нығайту және әдебиеттің оқырмандарға ықпалы. Қазақ пен өзбек халқының әдебиеті мен мәдениеті терең тарихи және рухани байланысқа ие екені баршаға мәлім. Бұл жақындықтың қайнар бастауы ортақ түркілікте жатқаны белгілі. Қазіргі уақытта да бұл үрдіс жалғасуда. Қазақ пен өзбек әдебиетінің жаңа буын өкілдері шығармаларын бір-біріне аударып, әдеби байланыстарды нығайтуда.

Өзбекстаннан келген делегация ҚР Ұлттық кітапханасын аралады. Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінде арнайы көрме ұйымдастырылып, қонақтар қорда сақталған бірегей мұралармен танысты. Олардың қатарында XVIII ғасырдағы Құран, Қожа Ахмет Ясауидің «Рисала» (XVI ғ.), «Диуани Хикмет» (XIX ғ.), «Хикмет Хазретиі» (XVIII ғ.), сондай-ақ оның ата-тегі туралы тарихи шежіре «Насабнама» (XVII ғ.) және шәкірті Сүлеймен Бақырғанидың «Хикметтері» бар. Сонымен қатар шығыс әдебиетінің жауһарлары – Низами Гәнжауидің «Хамса» (XV ғ.), Әлішер Науаидің «Диуаны» (XVII ғ.), Әбілқасым Фирдоусидің «Шаһнамасы» (XVIII ғ.) да ерекше назарға ілікті.

Іс-шара аясында Өзбекстанның әдебиеті мен мәдениетіне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасынан келген делегация құрамы мен қазақ қаламгерлері қазақтың бас ақыны Абайдың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ академик, классик жазушы Мұхтар Әуезовтің музей-үйіне барып, тарихи жәдігерлермен танысты.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістанда Қазақстан мен Өзбекстанның белсенді жастарының қатысуымен «Достық көпірі» форумы өткен болатын. Форумда жұмысшы мамандықтарды насихаттау және еңбек нарығына жасанды интеллекттің әсері секілді мәселелер талқыланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түбі бір түркі әдебиеті #Алматы #дөңгелек үстел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41

Дархан Сатыбалды алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Бүгін 14:43

Алматының саябағында: тазылар, бүркіттер, аңыз-әфсана кейіпкерлері

Бүгін 14:22

Бакуда қазақы үлгідегі Наурыз мерекесі кең көлемде тойлануда

Бүгін 14:14

Сайран көлінің жағасында Наурыз тойы өтіп жатыр

Бүгін 13:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика