Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда туберкулезге қарсы күрес күшейтілді: жүз...

Алматыда туберкулезге қарсы күрес күшейтілді: жүздеген қала тұрғыны көмек алды

Әлеумет 24.02.2025, 15:20 1,177
Алматыда туберкулезге қарсы күрес күшейтілді: жүздеген қала тұрғыны көмек алды
Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда туберкулезге қарсы күрес қарқынды жалғасуда, бұл іске үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) айтарлықтай үлес қосуда. «Мейірімді жол» қоғамдық қоры бірнеше жылдан бері туберкулезбен ауыратын науқастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, тек емдеуге ғана емес, әлеуметтік мәселелерді шешуге де көмектесуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қордың жоба жетекшісі Мадияр Абдилов мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Өткен жылы біз негізгі халық топтарынан 530 адамды тексерістен өткізіп, олардың 87-сінен туберкулез анықтадық. Ауруды ерте анықтау ғана емес, оны уақытылы емдеу де аса маңызды. 2024 жылы біз бұрын емін тоқтатқан 22 науқасқа қайтадан медициналық көмек бердік», – деп мәлімдеді спикер.

Оның айтуынша, қордың басты бағыттарының бірі – науқастарды әлеуметтік қолдау. 2024 жылы 66 тұрғылықты жері жоқ адам емханаға тіркелсе, 152 пациент ресми тіркеуге қойылды, ал туберкулезден зардап шеккен 82 отбасы дағдарыс орталықтарына жіберілді.

Сонымен қатар, жұмысқа орналастыру мен әлеуметтік қолдау алуға көмектесу шаралары да ұйымдастырылды. Нәтижесінде 72 пациент Жұмыспен қамту орталығына кезекке қойылып, амбулаторлық ем қабылдап жүрген 128 науқас азық-түлік себеттерін алды, ал 160 адамға көлік карталары берілді. Бұдан бөлек, білім беру тренингтері, заңгерлік кеңестер мен мәдени-демалыс шаралары ұйымдастырылды.

«Туберкулезге қарсы кешенді шаралар, оның ішінде медициналық, әлеуметтік және психологиялық қолдау нақты нәтижелер беруде. Бұл процесте ҮЕҰ-лар маңызды рөл атқарады, олар науқастарға тек ауруды жеңуді ғана емес, сонымен қатар өмірлік қиындықтарды еңсеруге көмектеседі», – деп түйіндеді Мадияр Абдилов.

Спикердің айтуынша, мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың бірлескен жұмысының арқасында Алматыда туберкулездің алдын алу, ерте диагностика жасау және оны тиімді емдеу үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалуда

Телеграм арнаға жазылыңыз
#туберкулез #денсаулық #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика