AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда төтеншеліктер пиротехникалық зат сату оры...

Алматыда төтеншеліктер пиротехникалық зат сату орындарын тексерді

Әлеумет 21.12.2022, 16:02 946
Алматыда төтеншеліктер пиротехникалық зат сату орындарын тексерді
Сурет: Almaty.tv

Мақсат – тауардың талапқа қаншалықты сай келетінін тексеру.


Пиротехникадан келер қауіп көп. Былтырғы жылдың өзінде жаңажылдық демалыста қала бойынша 15 өрт жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


«Мұның бәрі қауіпсіздік ережесін сақтамаудан», - дейді мамандар.


Өрт оқиғасы мерекеде өршіп кетеді деген төтеншеліктер бүгін аудан аумағындағы пиротехника сататын орындарды аралады. Мақсат – тауардың талапқа қаншалықты сай келетінін тексеру. Өкініштісі, саудагерлер арнайы рұқсаттаманың жайына назар аудара бермейді, ережені сақтамайды. «Ал бұл өз кезегінде жауаптан жалтаруға, оқыс оқиға бола қалса, басын алып қашуға себеп», - дейді мамандар.



«Жыл сайын қала аумағында орта есеппен Жаңа жыл мерекесі кезінде 15 өрт оқиғасы тіркеледі. Оның 15 пайызы пиротехникалық өнімдерді қолдану кезінде орын алады. Сондықтан, соңғы 6 жылда 80 өрт болды, олардың 10-ының шығуына пиротехникалық өнімдер себеп болған», – деді Алмалы аудандық ТЖБ бас маманы Ербол Әлімқұл.



Осы және өзге де өрт қауіпсіздігінің алдын алу шараларымен таныстырған мамандар тексерістің әлі де күшейе түсетінін айтады. Өйткені, тілсіз жаудан зардап шегіп, тіркелгендердің саны азаймай тұр.


«Көбінесе, өрт жағдайы электр тоғының кесірінен болады. Түнгі уақытта кейбір жалға алушылар жарықты өшірмей тастап кетеді. Осы жағдай бойынша қазір шара қолданамыз», – деді Сауда орталығы өрт қауіпсіздігі бөлімі басшысының орынбасары Таңжарық Құрманов.


Жазатайым жайттан сақтану үшін қауіпсіздікті сақтау аса маңызды. Мамандар әуелгі кезекте мерекелік отшашуды арнайы дүкендерден ғана сатып алуды ұсынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пиротехника #ТЖД #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар білім беру бастамасын іске қосу рәсіміне қатысты

Бүгін 14:58

Елімізде "Алатау" арнайы экономикалық аймағы құрылды

Бүгін 14:53

Алматыда Суретшілер одағының 90 жылдығына арналған альбом таныстырылып, жас таланттардың көрмесі ашылды

Бүгін 14:52

Алматы агломерациясының дамуы: экология, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымға басымдық

Бүгін 14:28

Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді

Бүгін 14:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика