AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда тіркеу үшін бір адамға кемінде 15 шаршы м...

Алматыда тіркеу үшін бір адамға кемінде 15 шаршы метр нормативі бекітілді

Алматы Бүгін 11:21 48
Алматыда тіркеу үшін бір адамға кемінде 15 шаршы метр нормативі бекітілді
Алматы әкімдігі

Депутаттар жобаны қолдады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда тұрғылықты жері және уақытша болатын жері бойынша тіркеудің жаңа нормативі бекітілді. Енді бір адамды тіркеу үшін тұрғын үйдің жалпы алаңы кемінде 15 шаршы метр болуы қажет. Тиісті шешім жобасын мәслихат сессиясында Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов таныстырды. Депутаттар жобаны қолдады.

Жаңа талап бір мекенжайға шамадан тыс көп адамды тіркеу жағдайын азайтып, қаладағы халық саны туралы деректердің нақтылығын арттыруға бағытталған.

Бұл ретте 15 шаршы метр – әр адамға жеке-жеке осындай көлемдегі тұрғын үй берілуге тиіс деген сөз емес. Бұл тек тіркеу кезінде қолданылатын есептік норматив.

Нормативтің тұрғын үй иесінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына қатысы жоқ. Яғни, белгіленген шектен асқан жағдайда да жұбайын, балаларын және олардың отбасы мүшелерін, жақын туыстарын, сондай-ақ асырауындағы, қамқоршылықтағы немесе қорғаншылықтағы адамдарды тіркеуге болады.

«Жаңа норматив тіркеу есебін ретке келтіріп, әр ауданда нақты қанша адамның тұратынын дәлірек анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мектептер, емханалар, коммуналдық қызметтер және басқа да қалалық инфрақұрылымға түсетін жүктемені жоспарлау үшін маңызды», – деді Бауыржан Жаубасов.

Алматы мәслихаты мұндай нормативті белгілеу құқығына 2026 жылы 14 қыркүйекте күшіне енген «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңға енгізілген өзгерістерден кейін ие болды.

Жаңа тәртіп жалған тіркеу жағдайын азайтып, қала халқының саны туралы деректердің нақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жаңа тұрғын үй кешенін жобалағанда не ескеріледі

Бүгін 12:02

Алматыда автокөліктерді эвакуациялау ақысын төлеудің бірыңғай тәртібі ұсынылды

Бүгін 11:26

Алматыда автотұрақ тарифін көлік жүктемесіне қарай белгілеу ұсынылды

Бүгін 11:11

Қырғызстанда Қазақстан медицинасының күндері: Алматы кардиологтары күрделі оталар жасады

Бүгін 11:10

Үкіметте медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алу мәселелері қаралды

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);