AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық...

Алматыда терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық бейнеролик таныстырылды

Заң мен тəртіп 19.03.2026, 09:59 201 dulatbekova
Алматыда терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық бейнеролик таныстырылды

Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаменті терроризмнің алдын алу және террористік сипаттағы құқықбұзушылықтардың жолын кесу мақсатында арнайы ақпараттық-насихаттық бейнеролик дайындады. Аталған жұмыс терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб аясында жүзеге асырылды.

Бейнероликтің негізгі мақсаты – тұрғындарға, әсіресе білім алушыларға террористік қауіп-қатер туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету тәртібін түсіндіру, сондай-ақ терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалардың құқықтық салдары жөнінде ақпарат беру. Онда жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы анонимді хабарламалар мен қоңыраулардың заң алдында жауапкершілікке әкелетіні нақты көрсетілген.

Көрсетілім барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама бергені үшін бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылатыны түсіндірілді. Сонымен қатар Қылмыстық кодекстің 15-бабына сәйкес мұндай құқықбұзушылық үшін 14 жасқа толған тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны атап өтілді.

Мамандар мұндай ақпараттық жұмыстар қоғамда құқықтық сауаттылықты арттыруға және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#терроризмге қарсы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға бара жатқан жолда жоғалып кеткен 21 жастағы тұрғын аман-есен табылды

Бүгін 16:57

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Бүгін 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Бүгін 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Бүгін 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);