Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда терроризмге қарсы әрекет ету алгоритмі тү...

Алматыда терроризмге қарсы әрекет ету алгоритмі түсіндірілді

Барлығы 16.06.2025, 14:34 626
Алматыда терроризмге қарсы әрекет ету алгоритмі түсіндірілді
Сурет: Gov.kz

Алматы қаласында терроризмге қарсы дайындықты арттыру мақсатында бірқатар оқу-жаттығу іс-шаралары өткізілді.

Атап айтқанда, 16-26 мамыр аралығында Алматы қаласы бойынша ҰҚКД Терроризмге қарсы орталығы (АТЦ) мамандарының ұйымдастыруымен арнайы батальон, патрульдік полиция полкі және аудандық полиция басқармаларының кезекші қызметкерлерімен теориялық сабақтар өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Сабақтардың негізгі тақырыбы – терроризм қаупі туындағанда немесе лаңкестік акт жасалған жағдайда мемлекеттік органдар мен қызметтердің алғашқы әрекет ету алгоритмі болды. Іс-шараның басты мақсаты – Алматы қалалық терроризмге қарсы жедел штабының (АГОШ) күштері мен құралдарының әрдайым дайын болуын қамтамасыз ету.

Оқу шараларына барлық сегіз аудандық полиция басқармасына қарасты патрульдік полиция полкі мен арнайы батальонның 400-ден астам қызметкері қамтылды. Қатысушыларға алғашқы әрекет етуші күштердің алгоритмі мен кезекші қызметтердің әрекет тәртібі толық түсіндірілді.

Сонымен қатар, патрульдік полиция қызметкерлеріне терроризм актісі орын алған жағдайда экипаждың негізгі әрекеттері, жарылғыш зат немесе күдікті нысан табылғанда эвакуация және қоршау аймақтарын анықтау бойынша ұсыныстар берілді.

Алынған білім мен дағдыларды пысықтау мақсатында жыл соңына дейін патрульдік полиция полкі мен арнайы батальон экипаждарының функционалдық міндеттерді білу деңгейін тексеретін бақылау шаралары жоспарланған.

Жалпы, мұндай шаралар алғашқы әрекет етуші күштердің кәсіби дайындығын арттыруға және терроризм актілерінің алдын алу мен салдарын азайтуға елеулі үлес қосады.

Айта кетейік, аталған мерзім ішінде бұл оқу-жаттығулар Төтенше жағдайлар департаментінің барлық аудандық басқармаларында да өткізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #терроризмге қарсы #Алгоритм #әрекет ету
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Осы дұрыс": Министр 1-сыныпқа баратын оқушыларға қатысты маңызды шешім қабылдады

Бүгін 10:46

Танымал әншінің жалғыз ұлы жоғалды: полиция не дейді?

Бүгін 10:24

WorldSkills Almaty – 2026 қорытындыланды: 470-тен астам қатысушы және 57 құзырет

Бүгін 10:06

1 шілдеден бастап несие алу талаптары өзгереді

Бүгін 09:50

Қазақстан бадминтон Азия конференциясында екі беделді марапатқа ие болды

Бүгін 09:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика