«Алматы - бақша қала» жалпықалалық акциясы аясында 4 мыңнан астам алма ағашы отырғызылды
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында шаһар басшысы Ерболат Досаев жеміс ағаштарын отырғызуға қатысты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
27 сәуірде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында «Алматы – бақша қала» жалпықалалық акциясы өтті. Шара барысында 8205 жасыл желек, соның ішінде 4515 жеміс, 1090 жапырақты ағаш пен 2600 бұта отырғызылды.
Қаланың барлық аудандарында ағаш пен бұта көшеттерін жаппай отырғызу шарасы өтті. Жаңа Саин көшесінің шығысындағы БАК бойындағы саябаққа қала басшысы Ерболат Досаев қатысты. Қала тұрғындары, қоғам қайраткерлері мен эко-белсенділер бірлескен шара аясында Алатау ауданының аумағында 500 алма мен 500 өрік көшеті отырғызылды.
Мұндай алма бақ 2270 көшет отырғызылған «ALA» саябағында да пайда болды. Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңына тағы мыңға жуық қатты ағаш көшеттері отырғызылды.
Қаланың әр түкпірінде аудан әкімдіктері алма аллеяларын отырғызды. Онда барлығы 1245 жеміс, 90 жапырақты ағаш пен 2600 бұта, соның ішінде дерен, кизильник, бересклет, снежноягодник және т.б
Аудандар |
Ағаштар |
Бұта |
Алатау |
Алма - 70 дана - дәстүрлі өнер театрының жанында-70 дана
|
250 дана - «Мәдениет» ТК - 100 дана - 13 ықш. – 80 дана - Саялы-2 ықш. – 70 дана |
Алмалы |
Алма ағашы - 75 дана - Ганди ат.саябақ – 50 дана - «АЗТМ» сквері– 25 дана |
850 дана - Төле би көш.бойы (Варламовтан Волховская көш.дейін) – 50 дана - А.Байтұрсынов ат.сквер – 500 дана - Ганди ат.бақ – 100 дана - «Сосновый» сквері - 200 дана |
Әуезов |
Алма - 100 дана - 5 ықш. Сквері – 100 дана |
250 дана - Жандосов көш. Саин даңғылынан Қарғалы өзеніне дейін – 250 дана |
Бостандық |
Алма - 230 дана - Тұңғыш Президент саябағы - 150 дана. - цирк жанында - 80 дана (Қазмемцирк ұжымы отырғызады) Жапырақты – 90 дана. - Х. Ерғали өзенінің жағалауы-50 дана. - "Нұр Алатау" сквері-20 дана. – ҚазМУ жанындағы сквер-10 дана. – Ғабдуллин көшесі-10 дана |
250 дана - Абай даңғылындағы бөлу жолағы (Тұрғұт Өзал көшесінен Үлкен Алматы өзеніне дейін) – 250 дана. |
Жетысу |
Алма - 100 дана - Көкжиек ықш.сквері – 100 дана |
250 дана. - әкімдік жанындағы Серіков көшесі 2а-250 дана |
Медеу |
Алма - 220 дана - Есентай өзенінің бойы (әл-Фараби даңғ. мен Жамақаев көш.) – 70 дана - Алматы хайуанаттар бағының аумағында - 150 дана («Алматы зоологиялық паркі» КМҚК отырғызады) |
250 дана - Шухов ат.саябақ– 250 дана |
Наурызбай |
Алма - 350 дана - «Қалқаман» сквері – 150 дана - «Ақжар» сквері - 200 дана |
250 дана - «Қалқаман» сквері – 250 дана
|
Түрксіб |
Алма - 100 дана - «Детский» саябағы - 100 дана |
250 дана - Сейфуллин даңғылы – Рысқұлов даңғылы – 250 дана. |
Барлығы |
1 335 дана |
2 600 дана |
«Алматы – бақша қала» акциясына қатысушылар көгалдандыруға және қоршаған ортаны сақтауға өз үлестерін қосып қана қоймай, шығармашылық конкурстар мен белсенді ойындарға қатысты.