Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 19 мыңна...

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 19 мыңнан аса ағаш отырғызылды

Әлеумет 18.06.2025, 15:58 794
Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 19 мыңнан аса ағаш отырғызылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 9 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, 19 мыңнан аса ағаш отырғызылды

Алматы қаласында көктем бойы жалғасқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы табиғатты қорғауға және қаланы көркейтуге бағытталған ірі қоғамдық бастамаға айналды. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.
Науқан аясында қала бойынша 9363 тонна қоқыс жиналып, 19 275 түп ағаш отырғызылды. Барлық сегіз ауданды қамтыған 15 шараға 115 665 адам қатысып, табиғатқа жанашырлық танытты.

Ең ірі шаралардың бірі – «Таза қала» акциясы 15–29 наурыз аралығында өтті. Бұл кезеңде 25 600-ден астам тұрғын, оның ішінде депутаттар, спортшылар, өнер қайраткерлері және коммуналдық қызмет өкілдері белсенді атсалысты.
Қала парктері, скверлер, аулалар мен қоғамдық аумақтар 170-ке жуық арнайы техникамен тазартылды. Акция аясында алма, үйеңкі, шетен, акация секілді ағаш түрлерінен 5000-нан астам көшет отырғызылды.

27 наурызда өткен «Таза кәсіп – таза аймақ» акциясы барысында 1600-ден астам адам, соның ішінде бизнес иелері, еріктілер және жергілікті тұрғындар кәсіпкерлік нысандарының айналасын, тротуарларды, арықтар мен гүлзарларды тазалады.
Шара қорытындысы бойынша 2393,25 тонна қоқыс шығарылды. Бұл бағытта Жетісу, Медеу және Алмалы аудандарының кәсіпкерлері белсенділігімен ерекшеленді.

Науқан барысында экологиялық ағартуға ерекше назар аударылды. «Табиғат – біздің қолымызда» ұранымен өткен эко-сағаттарға 35 жоғары оқу орнынан 47 530 студент қатысты.
Ал мектеп оқушылары арасында «Менің экологияға қосқан үлесім» атты шығарма байқауы өтіп, 22 мектептен оқушылар қатысты. Ең үздік 6 жоба марапатқа ұсынылды.

Сондай-ақ, «Түлектердің ағаш егуі» экочелленджі барысында 216 мектептің 12 мың түлегі 7285 ағаш отырғызды. Бұл жоба түлектердің туған қаласына деген жанашырлығын көрсетудің жарқын мысалына айналды.

  • 5 сәуірде «Таза жағалау» акциясы барысында Есентай өзені бойы мен Керей-Жәнібек көшесі маңындағы аумақтар тазартылып, 5000 тоннадан астам қоқыс жиналды.

  • 22 наурызда «Жер сағаты» аясында қаланың 43 сауда-ойын-сауық орталығында және 100-ден астам кафе мен мейрамханаларда жарық 1 сағатқа сөндіріліп, энергия үнемдеудің маңыздылығы дәріптелді.

  • PowerTech EXPO аясында «Қалдықсыз болашақ» көрмесінде 100 жоба ұсынылып, 2000 адам қатысты.

  • 13 мамырда басталған «Таза аула – таза қала» байқауы үздік үйлер мен аулаларды анықтап, тұрғындарды ортақ жауапкершілікке ынталандырды. Қорытындысы мамырдың соңында шығарылды.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Алматы тұрғындарының табиғатқа жанашыр көзқарасын, ортақ іске біріге алатынын көрсетті. Бұл бастама тек сенбілікпен шектелмей, экологиялық мәдениет қалыптастыруға бағытталған жүйелі қозғалысқа айналып отыр.

Нұржан Булекбаевтың айтуынша, бұл бастамалар – жасыл әрі таза болашаққа жасалған алғашқы нақты қадамдар. Экологияны сақтау – барша азаматтың ортақ міндеті. Ал Алматы қаласы осы бағытта алдыңғы қатарда келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан #акция #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҒЫЛЫМИ ОНКҮНДІК ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТТЫ

Бүгін 19:20

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 18:29

Алматыда Ғылым күні қарсаңында ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды

Бүгін 18:17

Отты жырдың оғланы: Ақын Олжас Сүлейменов 90 жаста

Бүгін 18:13

«Цифрлық иммунитетті қалай қалыптастыруға болады?»

Бүгін 18:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика