AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Алматыда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Ұлы...

Алматыда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Ұлы дала елі» атты жыр кеші өтті

Тәуелсіздік-30 10.12.2021, 12:50 1,529
Алматыда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Ұлы дала елі» атты жыр кеші өтті
Суреттер: Almaty-akshamy.kz

Фестиваль «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ауқымында айқындалған міндеттерді атқаруға арналған.


Шараның бірден-бір мақсаты – дәстүрлі музыканы қазақ халқының әлемдік өркениетке қосқан ең үлкен үлесі ретінде кеңінен насихаттау, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қазақтың жыр-термелеріне ежелден ерлік тақырыбы, елінің азаттығы үшін күрескен батырлардың ержүректігі мен қайтпас қайсарлығы арқау болған. Жыраулар маңызды мемлекеттік мәселелермен қатар, отансүйгіштік, адамгершілік, арлылық туралы ой толғаған. Бабалардан жеткен бұл асыл мұраның бүгінгі ізбасарлары - айтулы жыраулар мен жыршылар өнер кешіне арнайы шақыртылған. Атап айтқанда, жырау Алмас Алматов, Амандық Көмеков, Ақмарал Ноғайбаева, Наурызбек мектебін жалғастырушы Абай Наурызбек, Елмұра Жаңабергенова, Ұлжан Байбосынова сынды жыр жүйріктері Сыр сүлейлері мен Маңғыстау жыр мектебінің жыр-термелерін қалың көрерменге паш етті.


Кеште Шораяқтың Омарының «Өсиет сөзі», Майлықожаның «Мінажаты», Тұрмағамбеттің «Өсиеті», Сүйінбайдың «Ақыл-нақылы», Сыпыра жыраудың термесі секілді таңдаулы жырлар орындалды. Сондай-ақ Арқа ән мектебінің белгілі өкілі, күміс көмей әнші Ерлан Рысқали Дулат Бабатайұлының «Ақжайлау» мен «Сандықтасын» орындап, көнеден жеткен Арқа жыр-терме мектебінің дәстүрін жаңғыртуға өзіндік септігін тигізді.



«Жалпы, қазақ дүниетанымында ақын-жыраулар поэзиясының орны ерекше.  Әуезбен айтылатын бұл жырлардың ең басты тақырыбы – елдік мәселесі. Құлаққа жағымды әуезбен айтылған отансүйгіштік тілек-мүдде  халық жүрегіне тез жетеді. Ал жыр-термелер  – өткеніміздің мәңгілік сарынымен астасқан ғажайып шежіре, ұлы дала жүрегінің дарқан сазы, аяулы арманы», - дейді кештің модераторы профессор Алмас Алматов.



Ұрпақтар сабақтастығында өткен мен бүгінді жалғап, құндылықтар ауысып жатқан кезде қазақтың кеше кім болғанын, бүгін кім екенін еске салатын киелі өнердің бірі де бірегейі – жыраулық-жыршылық дәстүр. Сондықтан бұл мұраның жас ізбасарлары «Ұлы Дала елі» өнер фестивалінің арнайы қонақтары болды. Соңында Қызылорда мен Маңғыстаудан шақыртылған жас жыршылар  өнер көрсетіп, кешті қорытындылады.



Жыр кешін Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына тегін тамашалау мүмкіндігі берілді. 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тәуелсіздік #жыр кеші #жыр-термелер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14

Қазақстан және дін: догматтар мен адам құқықтарының үйлесімі

Бүгін 17:09

Сопылық және заманауи қауіпті ағымдар: руханият пен экстремизм арасындағы шекара

Бүгін 17:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика