AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар...

Алматыда Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді 

Не? Қайда? Қашан? 13.12.2023, 03:24 1,413
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді 
Almaty-akshamy.kz

Биыл Қазақстан Тәуелсіздік күнінің 32 жылдығын атап өтеді. Маңызды күнді мерекелеу қарсаңында Алматыда бірқатар мәдени, ресми, спорттық іс-шаралар өтеді. Сондай-ақ түрлі фотокөрмелер мен дөңгелек үстел ұйымдастырылады.


- 13 желтоқсан күні сағат 11.00 - де Bastau ойын-сауық кешенінде Алматы ардагерлер кеңесі арасында «Бостандық ауданы әкімінің кубогы» үшін бильярдтан турнир ұйымдастырылады.


- Бұл күні сағат 15:00-де Инновациялық шығармашылық орталығында (Шұғыла ш.а 347/4) зиялы қауым өкілдері мен желтоқсаншылардың қатысуымен «Елімнің бақытын тербеген - Тәуелсіздік!» атты дөңгелек үстел өтеді.


- 15 желтоқсан күні сағат 11:00-де Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығында Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен «Тәңір сыйы – Тәуелсіздік» атты кездесу ұйымдастырылады, дәл осы уақытта Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайында «Тәуелсіздік – ел мерейі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.


- Сағат 15:00-де Қонаев мұражайында «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тірегі» атты фотокөрме өтеді. Көрмеге мұражай мұрағатынан Алматы қаласының ғимараттары мен мәдени ошақтарының фотосуреттері қойылады.


- Сағат 15:00-де Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатында «Тәуелсіздік – аппақ таным арайлы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.


- Сағат 19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді.


- 16-18 желтоқсан аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін К.Әзірбаев атындағы №15 жалпы білім беретін мектепте барлық санаттар арасында классикалық пауэрлифтинг және классикалық стендтік пресс бойынша Алматы қаласының ашық чемпионаты өтеді. 


- 18 желтоқсан күні сағат 12:00-де Alatau Creative Hub-та «Тәуелсіз елдің ұрпағы» зияткерлік ойыны ө


теді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тәуелсіздік #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);