Алматыда тауда жоғалған бала өлі табылды

  • 13:16, 11 шілде 2025
Алматыда тауда жоғалған бала өлі табылды instagram.com/volontery_almaty_lider.kz

Алматы тауларында жоғалып кеткен студент өлі табылды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz Lider.kz еріктілеріне сілтеме жасап.

18 жастағы Ақылбек Нұрислам 2 шілдеде жоғалып кеткен еді. Туыстарының айтуынша, ол тауға кеткен. Соңғы рет оның телефоны Үлкен Алматы шатқалы маңында тіркелген. Іздеуге 40-тан аса адам жұмылдырылды.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғалған адамның мәйіті табылған.

"Денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деді ПД баспасөз қызметі өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:16

11:59

11:43

11:36

11:26

11:01

10:46

10:38

10:21

10:10

10:05

09:58

09:46

09:35

09:27

09:15

09:00

08:33

17:25

16:16

15:55

14:44

12:51

11:46

10:28