Өзгерістер « Тарифті инвестицияға айырбастау » бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда және желілер мен негізгі жабдықтардың тозуы жоғары деңгейде және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту қажеттілігімен байланысты.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Әсел Бөденеева мәлімдегендей, жүргізілген талдау нәтижелері бойынша 2024 жылға келесі субъектілер бойынша шешімдер қабылданды:
- «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ электр энергиясын беру қызметтерінің тарифі 2,53 теңгеге ұлғайды, яғни 8,87 теңге/ кВтсағ 11,4 теңге/кВтсағ ҚҚС-сыз дейін.
- ШЖҚ «Алматы Су» МКК сумен жабдықтау қызметтерінің тарифі орташа тарифі 99,41-ден 107,05 теңгеге дейін ұлғайтылды;
- халық үшін тарифтің өсуі 11,78 теңгені құрады, яғни 54,22 теңге/м3-тен 66,00 теңге/м3-ке ҚҚС-сыз дейін ұлғайды;
- басқа да тұтынушылар үшін қолданыстағы 282,06 теңге/м3 тарифтен 339,28 теңге/м3 ҚҚС-сыз тарифке дейін ұлғайды;
- бюджеттік ұйымдар үшін қолданыстағы 182,19 теңгеден ҚҚС-сыз тарифтен, 201,82 теңге/м3 ҚҚС-сыз тарифке дейін ұлғайды;
Су бұру бойынша орташа тарифі 5 теңгеге ұлғайды, яғни 53,27 теңге/м3-тен 58,13 теңге/м3-ке ҚҚС-сыз дейін:
- халық үшін тариф 12 теңгеге өсті, яғни 29,23 теңге/м3-тен 40,95 теңге/м3-ке дейін ҚҚС-сыз;
- басқа тұтынушылар үшін қолданыстағы 120,46 теңге/м3 тарифтен 134 теңге/м3 ҚҚС-сыз тарифке ұлғайды;
- бюджеттік ұйымдар үшін тариф 79,79 теңге/м3 ҚҚС-сыз мөлшерінде, қолданыстағы тариф деңгейінде қалдырылды.
Сонымен қатар, жеке тұлғаларды ресурс үнемдеуге ынталандыру мақсатында сумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бірінші топтың тарифі тұтынушылардың мынадай кіші топтары бойынша сараланады:
1 кіші топ- реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар 1 адамға айына 3 м3 дейін -66 теңге (орташа);
2 кіші топ – реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар 1 адамға айына 3 м3-тен 5 м3-ке дейін - 79,21 теңге;
3 кіші топ – реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар 1 адамға айына 5 м3-тен 10 м3-ке дейін – 99,01 теңге;
4 кіші топ- реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар және суды есепке алудың жеке аспаптары жоқ жеке тұлғалар 1 адамға айына 10 м3 астам – 132,01 теңге.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау қызметтерінің орташа тарифі 9 725,53 тенге/Гкал-дан ҚҚС-сыз 10 484,38 теңге/Гкал-ға дейін өсті, жалпы өсім 759 теңгені немесе 8%-ды құрады;
- халық үшін орташа тариф 7 194,77 теңге/Гкал-дан ҚҚС-сыз 7 654 теңге/Гкал-ға ҚҚС-сыз дейін өсті;
- жылу энергиясын есептеу аспаптары бар халық үшін тариф 1 183 теңгеге ұлғайды, яғни 6 329,79 теңге/Гкал-дан 7 512,36 теңге/Гкал-ға ҚҚС-сыз дейін;
- жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ халық үшін тариф 335 теңгеге ұлғайды, яғни 8 849,57 теңге/Гкал-дан 9 184,32 теңге/Гкал-ға ҚҚС-сыз дейін.
Сонымен қатар, жалпы ауданның мөлшерін ескере отырып, жылу энергиясын тұтынудың әлеуметтік лимиттерін белгілеу шеңберінде бірінші топтың тұтынушылары халық санатына жататын жеке тұлғалар кіші топтарға бөлінеді. Осылайша, тарифтерді саралау 1 Абонентке шаққандағы тұрғын үй алаңының көлемі бойынша жүзеге асырылады.
1-Топ – 100 шаршы метрге дейін – 7 653,60 теңге;
2-Топ - 100-ден 200 шаршы метрге дейін-8 418,96 теңге;
3-Топ - 200 шаршы метрден жоғары-10 484,38 теңге.
Қаланың Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрбақыт Серікбай хабарлағандай, 2025 жылы Алматыда кем дегенде 104 км сумен жабдықтау желісін, 73 км су бұру желісін, 39 км жылумен жабдықтау және 120 км электрмен жабдықтау желісін жаңарту жоспарланған. Бұл жыл сайын сумен жабдықтау мен жылумен жабдықтаудың тозу деңгейін 3%, ал қалған инженерлік желілерді 1,2% төмендетуге мүмкіндік береді.
2024 жылы Алматыда инженерлік желілер орта есеппен 54% тозған.
Тарифтердің өсуі желілер мен жабдықтарды біртіндеп жаңартуға мүмкіндік береді, бұл апатты азайтып, қызмет сапасын жақсартады.
Әкімдік халықтың әлеуметтік осал санаттарына коммуналдық қызмет тарифі үшін өтемақы төлеуді жалғастырады.
«Алдағы уақытта коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен азаматтардың 9 санатына өтемақы төлеу жалғасады», - деді Б.Жаубасов.
Алматы мәслихаты шешімінің тиісті жобасы келісімде жатыр, ол қыркүйекте бекітуге енгізіледі. Бұл ережелер 2025 жылы 1 сәуіріне дейін қолданылады.