Алматының Алатау ауданындағы №487 сайлау учаскесінде танымал эстрада әншісі, өнер иесі Абай Бегей Құрылтай сайлауында таңдау жасап, дауыс берді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Әнші сайлауға қатысудың әр азамат үшін маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға ғана емес, мемлекетіміздің алдағы даму бағытына қатысты азаматтардың ұстанымын білдіретін мүмкіндік.
«Құрылтай сайлауы – еліміздің болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылдауға бағытталған қоғамдық мәні зор саяси науқан. Әр азаматтың дауысы маңызды. Өйткені әр таңдау – елдің ертеңіне қосылған үлес. Сайлауға қатысу – Отан алдындағы жауапкершілікті сезінудің, азаматтық ұстанымды білдірудің бір көрінісі», - деді Абай Бегей.