конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда такси жүргізушісі жолаушыларды заңсыз тас...

Алматыда такси жүргізушісі жолаушыларды заңсыз тасымалдаған

Оқиға 18.10.2022, 06:05 938
Алматыда такси жүргізушісі жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Сурет: Polisia.kz

Шындығында оның мұндай құқығы болмаған.


Алматыда такси жүргізушісі жолаушыларды заңсыз тасымалдаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Түрксіб аудандық көші-қон қызметінің қызметкерлері жолаушыларды заңсыз тасымалдаған такси жүргізушісін анықтады.



«Жергілікті іс-шара барысында Сейфуллин даңғылы мен Аймауытов көшесінің қиылысында танымал ресурсқа тіркеліп, жолаушылар тасымалымен айналысқан Өзбекстан Республикасының азаматы 27 жастағы М. есімді азаматтың басқаруындағы Chevrolet көлігі тоқтатылды. Шындығында, оның мұндай құқығы болмаған. Шетелдік азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Іс жүргізу материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілді. Сондай-ақ жұмыс берушіге қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылып, оған ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды. Сонымен қатар Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жолдау үшін ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 2-бөлігіне сәйкес жеке материал бөлінді. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды», – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов. Сондай-ақ Асхат Бутунчинов Алматыда «Нелегал» іс-шарасының аяқталғанын хабарлады.



«Сегіз күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1229 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 665-і шетел азаматтары. Сот шешімімен 70 шетелдік ҚР аумағынан шығарылды. Сонымен қатар шетелдіктердің елімізде болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 531 отандасымыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 33 жұмыс берушіге айыппұл салынды. Құжатсыз жүрген 275 шетел азаматы жеке басын анықтағанға дейін ПД-ның қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды», – деді Бутунчинов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құқық #Такси #Жолаушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жуалы көшесінің бір бөлігінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін 16:00

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

Бүгін 15:52

Алматыда «БЕС АСЫЛ» республикалық ұлттық өнер байқауы өтті

Бүгін 15:49

Ғазиза Құдайберген: газет-журнал шығару үрдісі үзілмеуге тиіс

Бүгін 10:02

«Медеу» бөгетінің аңызға айналған 842 сатысын 3 мыңға жуық адам бағындырды

Кеше 21:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);