AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда тағы үш жаңа қала маңындағы автобус бағыт...

Алматыда тағы үш жаңа қала маңындағы автобус бағыты қосылды

Әлеумет 01.11.2024, 09:05 1,521
Алматыда тағы үш жаңа қала маңындағы автобус бағыты қосылды
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыдан Қаскелең мен Ұзынағашқа автобус маршруты ашылды

Алматы мегаполисінің агломерациямен көлік байланысын нығайту мақсатында 1 қарашадан бастап тағы үш қала маңы маршруты іске қосылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

№245 маршрут: Ұзынағаш ауылының автобекетінен – Төле би-Яссауи автобекетіне дейін. Бұл бағытта үлкен сыйымдылықтағы 25 автобус қызмет көрсетеді. Қозғалыс уақыты: 5:45-тен 23:00-ге дейін. Тасымалдаушы – «Ecobus service» ЖШС.

№254 маршрут: Қаскелең – «Сәлем» базары. Мұнда үлкен сыйымдылықтағы 16 автобус жұмыс істейді. Қозғалыс уақыты: 5:50-ден 23:00-ге дейін. Тасымалдаушы – «Мәдина» ЖШС.

№239 маршрут: «Б.Момышұлы» метро бекеті – Долан ауылы. Бұл бағытта 18 автобус қызмет көрсетеді. Қозғалыс уақыты: 5:30-дан 23:01-ге дейін. Тасымалдаушы – «Neo City Trans» ЖШС.

Жол ақысы қала ішіндегі сияқты 120 теңге, барлық автобус «Onay» электронды билеттеу жүйесімен жабдықталған.

Айта кету керек, жолаушылар мен жүкті автокөлікпен тасымалдау ережесіне сәйкес, бұл маршруттар тасымалдаушыларға байқау өткізілгенге дейін уақытша берілді және сынақ режимінде жұмыс істейді. Мониторинг нәтижесі бойынша маршруттардың қозғалыс сызбалары жолаушылар легі мен халықтың қажеттілігіне қарай түзетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алынып, 50-ге жуық елді мекенді қамтитын 22 жаңа бағыт, соның ішінде 10 қала маңы маршруты ұйымдастырылды. Биыл тағы 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электр автобусы сатып алынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #автобус #қала маңы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Ауқымды құрылыс»: Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Бүгін 09:45

Азиада-2026: Алексей Луценко тағы алтын медаль жеңіп алды

Бүгін 09:33

Бүгін елдің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз

Бүгін 09:05

Алматыда «Қазақфильм» кинематографиялық паркінің тұжырымдамасы әзірленіп жатыр

Бүгін 08:31

Көшпенділер мұрасы заманауи көзқараспен қайта жаңғырды

Кеше 18:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);