AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда тағы екі кітапхана тәулік бойы жұмыс істе...

Алматыда тағы екі кітапхана тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшеді

Барлығы 04.02.2026, 10:01 423 yakiya
Алматыда тағы екі кітапхана тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшеді
Алматы әкімдігі

Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар желісін кеңейту жұмыстары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыны «ешқашан ұйықтамайтын» мегаполиске айналдыру жөніндегі тапсырмасы аясында жалғасуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ақпан айынан бастап тағы екі қалалық кітапхана — Әуезов ауданындағы Қазақстан жазушылары кітапханасы және Бостандық ауданындағы Алматы Кітапханаларының филиалы 24/7 режимінде қызмет көрсетеді.

Бұған дейін қалада үш кітапхана тәулік бойы жұмыс істеу тәртібіне көшкен болатын. Олар Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы, Alatau Creative Hub орталығы және Мұхтар Әуезов атындағы кітапхана. Осылайша, Алматыдағы тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар саны бесеу болды.

Алматы қаласының 11-шағынауданында, Алтынсарин даңғылы бойындағы №37 үйде орналасқан Қазақстан жазушылары кітапханасы 1962 жылы ашылған және Әуезов ауданындағы жетекші зияткерлік орталықтардың бірі саналады. 2020 жылы жүргізілген жаңғырту жұмыстарынан кейін кітапхана кеңістігі заманауи әрі келушілерге қолайлы форматта қайта жабдықталды. Кітапхананың жалпы аумағы 410 шаршы метр, кітап қоры 40 мыңнан асады, ал жыл сайынғы келушілер саны 145 мың адам. Мұнда ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған арнайы жұмыс орындары қарастырылған, электронды оқу залы жұмыс істейді, RFID радиожиілікті сәйкестендіру жүйесі енгізілген және «Almaty-library» кітапханалық-ақпараттық жүйесі қолжетімді.

Алматы Кітапханаларының Розыбакиев көшесі, 247 үй, 7-блок мекенжайында орналасқан филиалы 2025 жылдың соңында ашылды. Кітапхана ғимаратының жалпы аумағы 503 шаршы метр, қорында шамамен 20 мың кітап бар. Мұнда жоғары жылдамдықтағы интернет пен Wi-Fi желісіне қосылған компьютерлер орнатылған, «Almaty-library» жүйесіне қосылған, сондай-ақ RFID қақпалары мен өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы бар.

Кітапханалардың тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшуі қаланың тағы екі аудан тұрғындарына кітапхана қызметін өздеріне ыңғайлы уақытта, соның ішінде кешкі және түнгі мезгілде пайдалануға жол ашты. Бұл өз кезегінде білім алу, өзін-өзі дамыту және мәдени демалыс үшін қосымша жағдай жасайды.

Айта кетейік, бүгінде Алматы қаласында 30 қалалық кітапхана жұмыс істейді. Тәулік бойы қызмет көрсету тәжірибесін кеңейту — кітапхана желісін жаңғырту мен мегаполистің мәдени ортасын дамытуға бағытталған кешенді бағдарламаның бір бөлігі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітапхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Кеше 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Кеше 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Кеше 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Кеше 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Кеше 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);