AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда тағы да бір құрылыс компанияға 6,5 млн т...

Алматыда тағы да бір құрылыс компанияға 6,5 млн теңгенің айыппұлы салынды

Әлеумет 22.08.2023, 05:52 780 Almaty-akshamy.kz. 
Алматыда  тағы да бір құрылыс компанияға 6,5 млн теңгенің айыппұлы салынды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин №9 мектеп-интернаттың жанында салынып жатқан қосалқы құрылыстың барысымен танысты. 


Осы нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 2021 жылдың шілдесінде басталып, өткен жылдың қараша айында аяқталуы тиіс болатын. «Barat & Co» ЖШС мердігерлік ұйымына қатысты жұмыс өндірісінің бұзылуы және сапасыз материалдарды қолдану фактілері бойынша 2022 жылғы желтоқсанда Алматы әкімдігі сотқа талап арыз берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.   


Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 7527-23-00-2/3201 шешімімен «Barat & Co» ЖШС мердігеріне 6,5 млн теңге айыппұл салынды.


Мердігер ұйымдарға 2023-2024 жаңа оқу жылына барлық жұмыстарды аяқтау тапсырылды.


Бүгінде нысан 99%-ға дайын. Инженерлік желілерді құрылыс алаңының астынан, сыртқы қабырғалар мен ішкі бөлімдерден көшіру бойынша жұмыстар аяқталды, әрлеу жұмыстары, терезе блоктары, шатыр, сыртқы қасбет және аумақтың периметрі бойынша қоршаулар орнатылды, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтаудың инженерлік желілері қосылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Айыппұл #тексеру #құрылыс #талапқа сай емес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Кеше 17:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);