Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда сусамыр салдарынан аяғының күретамырларын...

Алматыда сусамыр салдарынан аяғының күретамырларындағы қан айналымы бұзылған пациентке ота жасалды

Медицина 09.11.2022, 07:25 1,915
Алматыда сусамыр салдарынан аяғының күретамырларындағы қан айналымы бұзылған пациентке ота жасалды
Cурет: Inform.kz

Көптеген жылдар бойы қант диабетімен ауыратын 55 жастағы әйел диабеттік табан синдромына шалдыққан.


Пациентке 2-типтегі қан диабеті, аяқтағы күретамырлардың атеросклерозы деген диагноз қойылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz №4 Қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Хабарламаға сүйенсек, операция барысында аяқтағы күретамырларға ангиография жасалды. Нәтижесінде тізенің астындағы және үлкен жіліншіктегі артериялардың тарылып, стеноз пайда болғаны анықталды. Аяқтағы артерияларға ангиопластика жасалды, қан айналымы толық қалпына келтірілді, дейді мамандар.    
Ота жаңа әдіс бойынша жасалды. Операцияны қалалық клиникалық ауруханада өткен шеберлік класы шеңберінде Үндістанның Мумбаи қаласынан келген дәрігер Гириш Мукуд жасады.



«Әдетте мұндай жағдайда сырқаттың аяғын кесіп тастайды. Бұл әйелдің жолы болды, енді хирургиялық операция жасауға қажеттілік жоқ», - дейді аурухананың Рентген-эндоваскулярлық хирургия бөлімі дәрігері Камила Оразбаева.



Үндістандық дәрігер Гириш Мукудтың айтуынша, енгізіліп отырған жаңа әдіс – интервенциондық немесе эндоваскулярлық хирургия –   зақымданған ағзаны скальпельсіз, қан тамыры арқылы рентгенэндоваскулярлық әдіспен емдеуге мүмкіндік береді.


Шеберлік класы барысында үндістандық дәрігердің қатысуымен осындай тағы 4 ота жасалды.


Медициналық сақтандыру қорының Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаевтың сөзіне сүйенсек, төрт ота да міндетті әлеуметік медициналық сақтандыру шеңберінде қаржыландырылды.



«Бір жыл бұрын №4 Қалалық киникалық ауруханада рентген-эндоваскулярлық хирургия бөлімшесі ашылған болатын. Осы уақыт ішінде мидағы қан тамырларына 739 интервенциондық ота мен жатыр артерияларын эмболизациялау сынды манипуляциялар жүзеге асырылған. Бұл операциялардың бәрі де МӘМС пакеті шеңберінде жасалды», - деді Тілеухан Әбілдаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #медицина #ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстанның қаржы секторы алдағы референдумды қолдады

Бүгін 18:25

Тұңғышбай Жаманқұлов жастарды кітап оқуға, уақытты қадірлеуге шақырды

Бүгін 18:16

Алматы 2-ЖЭО-ын жаңғырту атмосфераға тарайтын зиянды шығарындыларды айтарлықтай азайтуға бағытталған

Бүгін 17:49

Арнайы операция: есірткі саудасына қатысы бар күдікті ұсталды

Бүгін 17:14

Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика