Алматыда су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды

Алматыда су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Көмек қолын созуға қала тұрғындары, кәсіпкерлер және белсенді жастар атсалысты.


Елімізде су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау жалғасуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Небәрі үш күнде алматылықтар 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады. Бұл азық-түлік, бірінші кезекте қажетті заттар, киім-кешек және т.б.


Алматы қаласы Алмалы ауданының комьюнити орталығында ашылған қабылдау пунктінің жұмысына қаланың 10-нан астам ірі волонтерлік ұйымы («QAMQOR CHARITY» ҚҚ, «Қазақстан волонтерлар лигасы» ҚҚ, СФРМ, Black Sea Fund «Newman» және т.б.) мен 50-ден астам ерікті жұмылдырылды.



Айта кететін нәрсе, қабылдау пункті аптаның соңына дейін жұмысын жалғастырады.


Гуманитарлық көмекті күн сайын сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін тапсыруға болады.


Гуманитарлық көмек келесі санаттарға бөлінеді:


- азық-түлік;


- ауыз су;


- заттар (көрпе, ұйықтайтын қап, жастық және т.б.);


- тұрмыстық заттар (шатырлар, термостар, шамдар, қуаттағыштар, шәйнектер, балалар ыдыстары және т.б.);


- гигиеналық құралдар (жөргектер, әйелдер гигиенасы құралдары, сабын, тіс пастасы, сусабындар, майлықтар, дәретхана қағазы, тазартқыш заттар және т.б.);


- дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы қажеттіліктер;


- киім (сырт киім және аяқ киім).


Маңызды! Киім мен заттар таза, ал тұрмыстық заттар толық жұмыс істеп тұрған және ақаусыз болуы керек, гигиеналық заттар жаңа, дәрі-дәрмектің жарамдылық мерзімі өтпеген және қолданылуы жөніндегі нұсқаулық болуы керек.


Барлық ниет білдіруші Алмалы ауданының комьюнити орталығына хабарласып, қажетті заттарды тапсыра алады!


Мекенжайы: Алмалы ауданының комьюнити-орталығы, Байтұрсынов көш., 22к1


Қабылдау уақыты: 10:00-ден 19:00-ге дейін


Байланыс номері: +7 747 821 64 78; +7 747 540 01 40


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

00:06

21:52

16:37

15:54

15:43

13:18

12:32

10:30

10:23

10:17

10:12

17:56

17:15

15:54

15:18

14:46

14:10

13:00

12:35

11:17

11:00

10:49

19:43

18:58

17:38