конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда су қорғау аймағындағы 17 жер учаскесі мем...

Алматыда су қорғау аймағындағы 17 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Заң мен тəртіп 02.07.2026, 15:31 185 yakiya
Алматыда су қорғау аймағындағы 17 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматы қаласы әкімдігінің жерді пайдалану мәселесіне жүргізіп отырған жүйелі мониторинг жұмыстарының арқасында жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сот шешімімен Алматының Медеу ауданындағы Бекенбай өзені арнасының су қорғау аймағында орналасқан (Мұзтау шағынауданы, бұрынғы Бутаковка) жалпы аумағы 7,7 гектардан асатын 17 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Тексеру барысында аталған жер учаскелеріндегі жылжымайтын мүлік нысандарының кадастрлық төлқұжаттарын рәсімдеу кезінде заңбұзушылықтар анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша Алматы қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті 17 жер учаскесіне қатысты сәйкестендіру құжаттарының күшін жою туралы нұсқама шығарды. Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, департамент Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арызбен жүгінді.

Сот талап-арызды толық көлемде қанағаттандырды. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Алматы қаласының әкімдігі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес заңсыз рәсімделген жер учаскелерін анықтау және оларды мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жер телімдері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Кеше 17:43

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);