Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда су басудың алдын алу үшін 2 мыңнан астам...

Алматыда су басудың алдын алу үшін 2 мыңнан астам коммуналдық қызметкер тәулік бойы кезекшілік атқарады

Барлығы 02.10.2025, 08:59 419
Алматыда су басудың алдын алу үшін 2 мыңнан астам коммуналдық қызметкер тәулік бойы кезекшілік атқарады
Алматы әкімдігі

1 қазан күні сағат 09:00-ден Алматыда жаңбыр жауа бастады. «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, жауын-шашын 2 қазан сағат 01:00-ге дейін жалғасып, жалпы көлемі 17 мм-ге дейін жетуі мүмкін. Сағат 20:00-ден кейін қалада қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы 3-8 м/с, екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы +6 °С шамасында болады.

Синоптиктердің болжамынша, 2 қазанға қараған түні жауын мен тұман сақталады. Түнде ауа температурасы +3…+5 °С, күндіз +10…+12 °С аралығында болады.
3 қазанда – ауа райы бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз. Түнде +3…+5 °С, күндіз +13…+15 °С болады.

Қалада ықтимал су басудың алдын алу және оның салдарын жою мақсатында коммуналдық қызметтердің тәулік бойғы кезекшілігі күшейтілген тәртіпте ұйымдастырылды. Жұмысқа 117 арнайы техника, 74 мотопомпа, 14 ассенизатор көлігі (оның ішінде 7-уі қауіпті аймақтарда) тартылған. 81 жедел бригада (421 жұмысшы) мотопомпа мен қажетті құрал-жабдықтармен қамтылып, 2 310 қапшық дайындалды.

Алматы қаласы Құтқару қызметі: 1 ассенизатор көлігі, 15 мотопомпа, 51 маман.

Алматы қаласы ТЖД: 58 арнайы техника, 240 қызметкер.

Күндізгі уақытта 387 арнайы техника мен 1 808 жұмысшы еңбек етеді. Түнгі уақытта 153 арнайы техника мен 301 жұмысшы жұмылдырылған.

Қаланың тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтап, түнгі және таңғы уақытта таулы аймақтарға бармауға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жаңбыр #Су басу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика