AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда су басу қаупінің алдын алу үшін қызметтер...

Алматыда су басу қаупінің алдын алу үшін қызметтер тәулік бойы кезекшілікке көшірілді

Әлеумет 16.04.2026, 22:35 256 yakiya
Алматыда су басу қаупінің алдын алу үшін қызметтер тәулік бойы кезекшілікке көшірілді

Алматыда толассыз жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс тәртібіне ауыстырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қалалық инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету шаралары күндіз жүргізіліп, қазіргі уақытта да жалғасып, түнгі уақытта да тоқтаусыз атқарылмақ. Бұл туралы қаланың коммуналдық инфрақұрылым басқармасы мен тұрғын үй инспекциясының өкілдері хабарлады.

«Қазгидромет» ұсынған мәліметке сәйкес, 16 сәуір күні қалада 29 мм жауын-шашын түскен, бұл айлық норманың шамамен төрттен бірі. Осыған байланысты қалалық қызметтер мен мердігер ұйымдардың тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылды.

Жедел әрекет ету үшін 104 бірлік арнайы техника, 74 мотопомпа және 12 ассенизаторлық көлік жұмылдырылды. Қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған 425 жол қызметкерінен тұратын 75 жедел бригада құрылды. Сонымен қатар 2,3 мыңнан астам құм салынған қап дайындалды.

Қосымша түрде қалалық Құтқару қызметі мен Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері кезекшілікке тартылған. Бір тәулікте жұмысқа шыққан жол жұмысшыларының жалпы саны 2710 адам болып, 1200-ден астам арнайы техника пайдаланылуда.

Күні бойы арық жүйелерінің бітелуі мен жер бедерінің ерекшеліктеріне байланысты кейбір аумақта су жиналу деректері тіркелді. Барлық мұндай учаске жедел түрде қалпына келтірілді.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су басу қаупінің алдын алу мақсатында коммуналдық қызметтердің жұмысы тәулік бойы, оның ішінде түнгі уақытта да тоқтаусыз жалғасып жатыр. Жағдай жіті бақылауда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жауын-шашын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда британдық туристердің көлігі сорға батып қалды

Бүгін 15:26

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Бүгін 14:01

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);