конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда студенттерге арналған жаңа заманауи жатақ...

Алматыда студенттерге арналған жаңа заманауи жатақхана ашылды

Әлеумет 27.08.2023, 07:39 1,275
Алматыда студенттерге арналған жаңа заманауи жатақхана ашылды
Gov.kz

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен Алматыда «Жастар Apartments» жаңа заманауи жатақхана ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл жаңа жатақханаға Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының жатақханаға мұқтаж білім алушы жастары орналастырылады.


Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жатақхана тапшылығын жою бойынша берілген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында 300 орындық жаңа жатақхана студенттер үшін пайдалануға беріліп отыр.


Жатақхананың ашылу салтанатына Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев, қала әкімдігінің өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, ғалымдары мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.


“Елімізде жатақхана мәселесі өте өзекті. Алматы қаласында жатақхана тапшылығы жоғары. Осы мәселе бойынша біз екі бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Біріншісі жеке меншік хостелдермен және қонақ үйлермен келісімшартқа қол қойылды. Осы келісім арқылы қосымша 10 000-нан астам төсек-орын табылып отыр. Бүгінде қалада жер тапшылығы бар. Сондықтан екінші бағыт ол қайта жөндеу жұмысы. Яғни бизнесі құлдырап кеткен академиялық немесе жеке меншік ғимараттарында біз қайта жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жатақхана ретінде қайта жасақтап жатырмыз. Бүгінгі жатақхана осы екінші бағыт бойынша ашылып отыр”, - деді Саясат Нұрбек.


Ғимаратта қайта жөндеу жұмыстары 2023 жылдың бірінші жартысында басталған болатын. Жатақхананың ішкі сәулеті шетелдік көшбасшы университеттердің дизайны негізінде жасалды. Нысан тиісті талаптарға толық сәйкес келеді. Төрт қабаттан тұратын жатақханада асхана, демалыс бөлмелері, кір жууға және кептіруге арналған тұрмыстық бөлме, әр қабатта өз ас үйі мен оқу залдары қарастырылған. Сондай-ақ әр секцияға тоңазтқыш, заманауи душ кабиналары мен жаңадан жиһаздар қойылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау жүйесі орнатылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #студенттер #жатақхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды

Бүгін 21:15

Алматыда аптап ыстық кезінде көшелерді суару және ауаға су бүрку жұмыстары күшейтіледі

Бүгін 21:12

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 21:09

Әскер шыңдаған достық: Ұлттық ұланның әскери бөлімінде колледжде бірге оқыған 10 студент қызмет етуде

Бүгін 18:24

Алматыда жастарға арналған тоғызқұмалақтан тегін курстар ашылды

Бүгін 18:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);