Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда студент жастар науқас балаларға 26 литр қ...

Алматыда студент жастар науқас балаларға 26 литр қан тапсырды

Медицина 17.11.2023, 08:04 1,740
Алматыда студент жастар науқас балаларға 26 литр қан тапсырды
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

 С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де өтеусіз  қан тапсыру акциясы өткізілді, бұл қайырымдылық шарасына 80 студент қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Акция көмекті қажет ететін науқас балаларға қолдау көрсету аясында ұйымдастырылды, - дейді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық қан орталығының »директоры Жандос Нәдіров.



«Мұқтаж жандарға ерікті түрде көмектесуге дайын екенін көрсеткен акцияның барлық қатысушыларына шын жүректен алғыс білдіреміз. Осындай сәттер біздің қоғамда игі істерді атқаруға, өзгеге көмектесуге дайын жанашыр жандардың бар екенін көрсетеді», - деп атап өтті ол өз сөзінде.



Донор болуға ниет білдірген 80 студенттің 52-сіне қан тапсыруға рұқсат берілді.
Бұл донорлық процеске деген байсалды көзқарасты және әрбір қатысушының жауапкершілігін көрсетеді.



Акция нәтижесінде 26,52 литр қан жиналды, бұл көмекке мұқтаж жандар үшін керемет құнды ресурс болары сөзсіз.
Мұндай шаралар науқас адамдардың өмірін сақтап қалумен қатар, қоғамда донорлық мәдениеттің қалыптасуына да септігін тигізеді.
Осындай іс-шаралар бізге ынтымақ пен өзара көмектің маңыздылығын еске салады, сонымен қатар әрқайсымыздың қайырымдылық істерге үлес қоса алатынымызды көрсетеді.



«Біз шараға қатысушылардың барлығына үлкен алғысымызды білдіреміз және бүгін бастау алған әріпестігіміз әлі де жалғасын табады деп сенеміз. Әрқайсымыз мұқтаж жандарға көмек қолын созуға дайын болайық және әлемді жақсырақ әрі мейірімді ету үшін игі істер атқарайық», - деп түйіндеді сөзін Жандос Нәдіров.



Естеріңізге сала кетейік:
- Жасы он сегізге толған, арнайы медициналық тексерілулерден өткен, қан тапсыруға  қарсы көрсеткіші жоқ және қан  және оның компоненттерін медициналық мақсатта ерікті түрде тапсыратын жеке тұлғалар донор бола алады.
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  бұйрығына сәйкес донорларды қабылдау тек ҚР азаматының жеке куәлігі, ҚР төл құжаты (түп нұсқасы) немесе электрондық нұсқасы бар болғанда ғана іске асырылады. Шетелдік азаматтар шетелдік төлқұжат пен ҚР ЖСН көрсетуі керек.
 
- Донордың бойы 150 см –ден, салмағы 50кг жоғары болу керек.
-Донорлыққа баратын күннің қарсаңында донорларға кешкісін майлы, қуырылған, ащы тағамдар, сүт өнімдерін, спирттік ішімдіктер ішуге болмайды. Спирт ішімдіктерін ішкеннен кейін 48 сағат өту керек, соңғы 3 күнде дәрі қабылдауға болмайды.
- Қан тапсырар күні таңертең жеңіл тамақпен қанағаттаныңыз жәй қантпен қара шәй ішіңіз. Қан тапсырар алдында кофе ішуге болмайды. Егер донор тамақ ішсе ол қан алуға тек 4-6 сағат өткеннен кейін жіберілуі тиіс.
- Денелеріне әшекей  сурет салғандар, пирсинг жасағандар, инемен емделгендер, ерін, қасына түзету енгізгендер осы әрекеттер аяқталғаннан бастап, 4 айға дейін донорлыққа жіберілмейді.
- Түнгі ауысымдағы жұмыстан соң қан беруге болмайды.
- Әйелдердің етеккірі келіп кеткеннен соң 5 күннен кейін ғана донор бола алады.
- Гепатитпен, ВИЧ, туберкулезбен , жыныстық жолмен берілетін инфекциямен қатерлі ісікпен ауырғандар, мүгедектік топ  берілген азаматтар т.б – донор бола алмайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қан тапсыру #донор #игі іс #студенттер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика