Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда спорттың үш түрінен өткен көктемгі лига ө...

Алматыда спорттың үш түрінен өткен көктемгі лига өз мәресіне жетті

Спорт 05.06.2025, 11:17 891
Алматыда спорттың үш түрінен өткен көктемгі лига өз мәресіне жетті
Сурет видео скрині

2025 жылғы 19 сәуірі мен 1 маусым аралығында Алматыда студенттік лиганың іріктеу кезеңі өтті. Қала әкімдігінің қолдауымен өткен спортық жарыстарға мегаполистегі 35 жоғары оқу орнынан 500-ден астам студент қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Іріктеу кезеңінің нәтижесінде жиналған ұпай санына қарай командалар А және B дивизиондарына бөлінді. Лиганың тұрақты маусымы 2025 жылдың қыркүйегінде басталып, 2026 жылдың мамырына дейін жалғасады. Барлық ойындар айналмалы жүйе бойынша өтеді, бұл барлық командаларға тұрақты ойын тәжірибесін қамтамасыз етпек.

 

Футболдан іріктеу кезеңінің жеңімпаздары:

I орын — SDU University

II орын — «Нұр-Мүбарак» университеті

III орын — Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ)

       

Волейболдан біліктілік кезеңінің жеңімпаздары:

Ерлер командалары

I орын — Қазақ спорт және туризм академиясы

II орын — SDU University

III орын — Энергетика және байланыс университеті

Әйелдер командалары

I орын — Қазақ спорт және туризм академиясы

II орын — әл-Фараби университеті

III орын — Сәтбаев университеті

   

Баскетболдан іріктеу кезеңінің жеңімпаздары:

Ерлер командалары

I орын — Turan University

II орын — «IT Legion» ХАТУ

III орын — әл-Фараби университеті

Әйелдер командалары

I орын — Қазақ спорт және туризм академиясы

II орын — әл-Фараби университеті

III орын — Қазақ ұлттық қыздар педегогикалық университеті

   

Турнирдің жүлдегерлері, сондай-ақ жеке номинациялар бойынша үздік ойыншылар кубоктармен, медальдармен марапатталды және ақшалай сыйлықтарға ие болды.

–                        Спорттың үш түрі бойынша студенттер лигасын құру — Алматыда жастар спортын дамытудағы маңызды қадам. Біз студенттер тарапынан үлкен қызығушылықты көріп отырмыз, сондықтан, олардың спорттық биіктен көрінулеріне барлық жағдайды жасайтын боламыз, - деді Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Дархан Нұрханұлы.

Айта кетейік, бұл қала тарихында бірден үш танымал спорт түрін — футбол, волейбол және баскетболды біріктірген алғашқы студенттер лигасы. Жаңа жоба жастар арасында бұқаралық спортты дамыту бойынша ауқымды бастамаға айналды, әрі студенттік ортада спорттық мәдениетті нығайтуға бағытталды.

Іріктеу кезеңіндегі ойындар «Жас Қыран» стадионында, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында, Champion спорт кешені сынды қаланың жетекші спорт алаңдарында өтті.

Студенттер лигасы жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып, қалалық спорттық іс-шаралар күнтізбесіне енетін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #спорт #студенттер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Түркияда өткен таеквондодан турнирде бес медаль жеңіп алды

Бүгін 12:32

Алматыда сот шешімімен ірі ғимарат сүріліп жатыр

Бүгін 12:16

Түркістан облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын сотталды

Бүгін 12:10

Freedom Inside форумы: цифрлық экожүйелердің бизнес пен технологияларды қалай біріктіреді

Бүгін 12:05

Белгілі қазақстандық жазушылар мен ақындар «Кітап оқитын ұлт» жобасы Қамқоршылық кеңесінің құрамына кірді

Бүгін 11:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика