Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда спортпен айналысатындардың саны миллионға...

Алматыда спортпен айналысатындардың саны миллионға жуықтады

Барлығы 15.01.2026, 12:18 253
Алматыда спортпен айналысатындардың саны миллионға жуықтады
сурет: Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінен

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласының Спорт басқармасының басшысы Дархан Нұрханұлы дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша істеліп жатқан жұмысты, бұқаралық спорттық жобалардың қалай жүзеге асып жатқанын, алматылық спортшылардың жетістігі мен қаланың спорттық инфрақұрылымын дамыту жоспарлары туралы баяндады.

Бұқаралық спорттың дамуы мен халықтың қамтылуының артуы

2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғындар саны едәуір өскен. 2024 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 40%-дан 42%-ға дейін өсіп, 955 мың адамға жетіп отыр, оның 325 мыңы – балалар екен. Осылайша, қала Туризм және спорт министрлігі белгілеген индикаторға қол жеткізді.

2025 жылдың басынан бері Алматыда 3 000-нан астам спорттық-бұқаралық іс-шара өтіп, ол 380 мыңнан астам адамды қамтыған. Қала тұрғындары белсенді болып, дене шынықтыруға ден қоя бастаған. 

Халықаралық турнирлер мене студенттік спорт

2025 жылы Алматы 35 ірі халықаралық спорттық жарыс өтті.

Олардың қатарында Almaty Marathon, ATP-250 Almaty Open, үстел теннисінен WTT Contender, шахматтан әлем чемпионаты, дзюдодан Азия кубогы мен басқа да беделді жарыстар бар.

Маңызды жаңалықтың бірі – 2025 жылы алғаш рет іске асырылған студенттік лига. Жобаға 35 жоғары оқу орны, 108 команда мен шамамен 1 500 студент қатысты. Жарыс футбол, волейбол және баскетбол бойынша өтіп жатыр, биылдан бастап бағдарламаға жеңіл атлетика да енді.

Балалар спорты мен футболды дамыту

2023 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Балалар Футбол Лигасы» жобасы да жұмысын жалғастырып жатыр. Қазір лига 320 команда мен 7–15 жас аралығындағы 8 мыңнан астам баланың басын қосқан. Бұл жоба қаладағы спорт мектептері мен академиялардың дарынды жас футболшыларды іріктейтін алаңына айналды.

Халықаралық имидж бен ірі іс-шаралар

Өткен жыл Алматының халықаралық имиджін нығайту тұрғысынан да маңызды болды. «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықса, «Қайрат» футзал клубы турнирдің 1/4 финалына дейін жетті. Қаланың Орталық стадионында Чемпиондар лигасының матчтары, сондай-ақ әлемдік жұлдыздардың концерттері өтті. Бұл Алматының халықаралық іс-шаралар өткізуге дайын екенін көрсетті.

Әлеуметтік жобалар мен қысқы инфрақұрылым

Өткен жылдың қараша айынан бастап қалада «Спорт – достық алаңы» жобасы жүзеге асырыла бастады. Екі ай ішінде Алматының барлық ауданында 86-дан астам іс-шара өтіп, шамамен 7 500 тұрғынды қамтыды.

2025–2026 жылдардағы қысқы маусымда Алматыда қаланың сегіз ауданында орналасқан 21 мұз айдыны анықталды. Оның ішінде 11 ашық әлеуметтік мұз айдыны мен инвесторлар есебінен жұмыс істейтін 10 нысан бар.

Сөз соңында Дархан Нұрханұлы бұқаралық спортты дамыту, кәсіби спортшыларды қолдау мен қолжетімді спорттық инфрақұрылым қалыптастыру Алматы қаласы Спорт басқармасының басты міндеті болып қала беретінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы қаласы #спорт #Бұқаралық спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Кеше 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Кеше 21:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі