AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Спорт күніне орай спорт саласы өкілдерін...

Алматыда Спорт күніне орай спорт саласы өкілдерін марапаттау жалғасуда

Алматы 22.08.2026, 20:50 286
Алматыда Спорт күніне орай спорт саласы өкілдерін марапаттау жалғасуда
Алматы әкімдігі

Бүгін спортты дамытуға үлес қосып, халықаралық аренада жоғары нәтижеге қол жеткізген еңбек сіңірген жаттықтырушылар мен спортшыларға Алматы қаласы әкімінің Алғыс хаттары мен ақшалай сертификат табысталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Марапаттарды Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым табыстады. Ол қала мен Қазақстан атынан халықаралық аренада өнер көрсететін спортшылардың тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

«Осы жетістіктердің негізінде кәсіби еңбегі жатқан жаттықтырушылар мен мамандарға ерекше алғысымды білдіремін», — деді Нұрлан Әбдірахым.

Көп жылғы кәсіби еңбегі және қала спортының дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары Қайрат Биекенов, Алексей Казаков, Неля Корниенко, Қайрат Қырғызбаев, сондай-ақ грек-рим күресінен жоғары санатты жаттықтырушы Саламат Сәрсебеков марапатталды.

Сонымен қатар халықаралық аренада Алматы мен Қазақстанның намысын абыроймен қорғаған спортшылар марапатқа ие болды. Элеонора Ибрагимова мен Мария Горун стендтік атудан командалық сайыста жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Эвелина Ежова әйелдер арасындағы спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінің алтын медалін иеленген Қазақстан тарихындағы тұңғыш спортшы атанса, Нұрмұхаммед Жайлыбай семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған ел тарихындағы алғашқы спортшы болды.

Марапатталғандар қатарында ірі халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Әлидар Абдукәрімов, Әділет Шері, Алдияр Жарас, Аманжол Зареров, Бақдаулет Мырзабеков, Мәди Жақып және Тұрар Дүйсехан да бар.

Алматы қаласының Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, марапаттау рәсімі Спорт күніне арналған іс-шаралардың жалғасы болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Спорт күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Құрылтай мәдениет және өнер қайраткерлеріне арналған жаңа наградаларды енгізуді мақұлдады

Бүгін 12:31

Алматыда №2 перзентхананың жаңа ғимараты салынып жатыр

Бүгін 11:56

Қазақстан халықаралық капитал үшін жаңа бағыттарды ашуда

Бүгін 10:43

Елімізде мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы электронды түрде ұсынылады

Бүгін 10:41

Қазақстан Еуразияның транзиттік хабына айналуда

Бүгін 10:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);