AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда соңғы үш жылда «Халық қатысатын бюджет» б...

Алматыда соңғы үш жылда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 938 жоба іске асырылды

Әлеумет 06.12.2024, 10:46 1,048
Алматыда соңғы үш жылда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 938 жоба іске асырылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда 2025 жылы қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға арналған бюджет биылғы жылмен салыстырғанда 40% - ға ұлғаяды

Алматыда қаланы абаттандыру және көгалдандыру шығындарын қаржыландыру ұлғаяды. Бұл туралы қалалық мәслихаттың 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті қаралған сессия барысында мегаполис әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

"Мемлекет басшысының бастамасымен" Таза Қазақстан " бағдарламасы аясында әкімдік сүйікті қаламызды абаттандыру және көгалдандыру бойынша жүйелі шаралар қабылдауда. Бұл жайлы қалалық орта құру және алматылықтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша біздің негізгі басымдықтарымыз", - деді Ерболат Досаев. 

Осылайша, қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға арналған шығыстарды қаржыландыру 2024 жылғы 121,6 млрд теңгеден 2025 жылы 170,5 млрд теңгеге дейін 40% - ға ұлғаяды.

Сондай-ақ, Алматыда "Халық қатысатын бюджет"бағдарламасын табысты іске асыру жалғасуда. Соңғы үш жылда 39,1 млрд теңге сомасына 938 жоба іске асырылды, оның ішінде 2024 жылы – 18,8 млрд теңге. 2025 жылға бюджетте 17,1 млрд теңге қарастырылған.

Өз сөзінде Ерболат Досаев атап өткендей, "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы қала тұрғындарының идеялары мен тілектерін іске асырудың тиімді құралына айналды және Алматы әкімдігі оның дамуын қолдауға ниетті.

Айта кетейік, алматылықтардың ұсыныстары бойынша бағдарлама аясында аула аумақтары, балалар және спорт алаңдары абаттандырылды, жаңа қоғамдық кеңістіктер, жаяу жүргіншілер аймақтары құрылды, сыртқы жарықтандыру желілері жүргізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Таза Қазақстан #бюджет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің барлық онкологиялық орталықтарында ашық есік күні өтеді

Бүгін 16:03

Алматы қаласының прокуратурасы шетелдік инвестордың құқығын қорғады

Бүгін 15:56

Алматы қаласында қоғамдық көлікпен жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар

Бүгін 15:44

Қадырбек Шынбаев ММА-дан Азия ойындарының екінші алтынын жеңіп алды

Бүгін 15:10

Алматыда жыл басынан бері алты үшем дүниеге келді

Бүгін 14:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);