Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда «Сириус» мектебі мен білім беру орталығын...

Алматыда «Сириус» мектебі мен білім беру орталығының іргетасын қалау рәсімі өтт

Барлығы 17.01.2026, 20:23 293
Алматыда «Сириус» мектебі мен білім беру орталығының іргетасын қалау рәсімі өтт
primeminister.kz

Алматыда «Сириус» білім беру орталығымен ынтымақтастық аясында I Таланттар саммиті өтті. Саммит барысында «Сириус» мектебі мен білім беру орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті. 

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, «Сириус» федералдық аумағы кеңесінің төрағасы және «Талант и успех» қорының жетекшісі Елена Шмелева, ғылыми және педагогикалық қауымдастық өкілдері қатысты.

«Сириус» мектебінде математика, физика, химия және биология пәндері бойынша кіріктірілген бағдарламалар, сондай-ақ жасанды интеллект, ғарыш, инженерия және өмір туралы ғылымдар бағытындағы пәнаралық курстар мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстандық оқушылар «Сириус» орталығының бағдарламаларына қазірдің өзінде қатысуда. 2024-2025 жылдар аралығында балалар «Үлкен перспективалар» ғылыми-технологиялық байқауының жобалық командаларында жұмыс істеді. Сонымен қатар Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы IJSO-2025 халықаралық жаратылыстану олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды.

Саммитке дарынды оқушылар мен жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтер қатысты. Саммит аясында мектеп пен орталық жобасының таныстырылымы, «Сириус» мамандарының дәрістері мен шеберлік сабақтары, «Үлкен перспективалар» байқауы жобаларының көрмесі, сондай-ақ мұғалімдерге арналған курс өтті.

Саммит бағдарламасы аясында оқушыларға арналған ғылыми-көпшілік дәрістер, «Сириус» жетекші сарапшыларының шеберлік сабақтары, математика және жаратылыстану пәндері педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру бағдарламасы да өткізілді. Оқушылар генетикалық және ақпараттық технологиялардың дамуымен танысып, квадрокоптер немесе робот құрастырып, бағдарламалап көрді, мидың жұмыс істеу ерекшеліктерін зерделеп, «Сириус» білім беру орталығының академиялық және индустриялық серіктестерінен ұсынылған жобалық тапсырмалармен жұмыс істеді.

«Бүгін ғимараттың алғашқы кірпіші қаланды. Бұл жай ғана символдық қадам емес, бұл мектептің қалай құрылатынын айқындайтын практикалық жұмыстың басталуы. Ол білім беру бағдарламаларын қалыптастырудан бастап оқу процесін ұйымдастыруға дейінгі барлық кезеңді қамтиды. Жоба жаратылыстану ғылымдары мен заманауи технологиялар саласына  кіріктірілген бағыттарға негізделіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады», - деп атап өтті Аида Балаева.

«Бүгін біз мемлекеттеріміздің басшылары қойған стратегиялық міндетті шешіп отырмыз. Үздік педагогтермен, ғалымдармен және технологиялық компаниялардың өкілдерімен бірлесе отырып, Қазақстан оқушыларының талантын дамытуға барлық жағдай жасалған зияткерлік, мазмұнды және қауіпсіз орта қалыптастырып жатырмыз. Қазіргі балалар кейде тәжірибелі мамандардың өзі қиналатын мәселелерді шешуге дайын. Сондықтан «Сириус» жобалық қызметті дамытуға ерекше мән береді. Біздің флагмандық жобамыз саналатын “Үлкен перспективалар” байқауы осының айқын дәлелдейді. Биыл байқау 11-рет өткізіліп, халықаралық мәртебе алды», - деді Елена Шмелева.

Сонымен қатар, ҚР Оқу-ағарту министрлігі ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігімен бірлесіп Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында «Сириус» университетінің «Ғылыми-технологиялық білім беру көшбасшылары» атты екі жылдық магистрлік бағдарламасын іске қосады. Бағдарлама дарынды балалармен жұмыс істеуге, жаратылыстану және техникалық бағыттар бойынша, соның ішінде педагогикада жасанды интеллектіні қолдану саласында мамандар даярлауға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Сириус»
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі