AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда «Шымбұлақ» тау курортының мерейтойлық мау...

Алматыда «Шымбұлақ» тау курортының мерейтойлық маусымы ашылады

Не? Қайда? Қашан? 22.12.2023, 12:55 2,288
Алматыда «Шымбұлақ» тау курортының мерейтойлық маусымы ашылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда «Шымбұлақ» тау курортының мерейтойлық маусымы ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматыда 23 желтоқсанда Шымбұлақ тау курортының 70 жылдығына орай мерейтойлық сырғанау маусымы ашылады. Курорттың тарихы 1954 жылы «Шымбұлақта» тау шаңғысы спортынан алғашқы бүкілодақтық жарыстар өткізіле бастаған кезден басталады. 1983 жылдан бастап Шымбұлақ тау шаңғысынан даярлайтын олимпиадалық орталыққа айналды. Ал 2010 жылы «Медеуден» «Шымбұлақ» базалық стансасына дейін гондола жолы іске қосылды.


Маусымның ашылуына орай тау курорты қонақтарға бірқатар өзгерістер дайындады:


- Комби-1 орта стансасында жаңа ақпараттық орталық ашылады.


 - балаларды шаңғыға үйрету үшін «Шымбұлақ» базалық стансасында Ақ Барсик жаңа оқу трассасы іске қосылады.


- Medeu Camp глампинг аумағында «Monti Bambini» мейрамханасының ашылуы өтеді.


- «Талғар асуы» стансасында SYÑ 32 мейрамханасының ашылуы өтеді.


- «Медеу» базалық стансасының аумағында «Shymbulak Medeu Camp» балалар тау лагері аясында отбасылық демалысқа арналған глампинг ұйымдастырылады.


- «Медеу» базалық стансасында ауданы 1 100 м2 шығармашылық хабтың ашылуы өтеді. 


- «Шымбұлақ» базалық станспсында pop-up Park ашылуы өтеді.



Айта кету керек, 2011 жылы Шымбұлақта Қысқы Азия ойындарына орай жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 2017 жылы тау шаңғысы, сноуборд және фристайлдан Дүниежүзілік Қысқы Универсиада өтті. 2019 жылдан бастап курортта фристайлдан әлем кубогының кезеңдері өткізілуде. Сондай-ақ 2021 жылы Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет фристайлдан әлем чемпионаты өткізілді.


Сонымен қатар, 2023 жылдың 26 наурызында «Шымбұлақ» Гиннестің рекордтар кітабына «Әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы» бар курорт ретінде ресми түрде енді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #шымбұлақ #шаңғы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);